World News in Kazakh
Январь
2017

Новости за 28.01.2017

Казинформ 

Астанада дөнер дүңгіршегі жанып жатыр


АСТАНА. ҚазАқпарат -Астананың Бөгенбай батыр даңғылында орналасқан дөнер дайындайтын дүңгіршек жанып жатыр, деп мәлім етті ҚазАқпаратқа ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Bilim-all 

Тәуелсіз елімді сүйемін

Міне, біздер, қазақтар - осындай қонақжай, мейірбан әрі бауырмал елміз. Бірақ біздің басымыздан не өтпеді. Қазақ халқының өткен тарихы, ата - бабаларымыздың бостандық пен болашақ бақыты жолындағы ұзақ та ауыр күресінің тарихы.

Казинформ 

Денсаулық министрі науқастардың «қалтасын қағуға» үндеген видеоға өз пікірін білдірді


АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов науқастардың «қалтасын қағуға» үндеп жатқан дәрігерге қатысты видеоға өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Димаш Құдайбергенов Қытайда өтіп жатқан «Singer-2017» байқауының 2-кезеңін де жеңді


АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін кешқұрым Қытайдың Чаңша қаласында өтіп жатқан «Singer 2017» ән байқауының  екінші кезеңі эфирге шықты. Жерлесіміз Димаш Құдайбергенов бұл жолы да ерекше шеберлігімен баршаны таңғалдырып, бұл кезеңнің бас жүлдесін қанжығасына байлады.

Казинформ 

Универсиада-2017: Қазақстан xоккейшілері қытай командасын 22:0 есебімен жеңді


АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда басталған Универсиада-2017 жарысында Қазақстанның xоккейден студенттер құрамасы алғашқы матчта ҚХР xоккейшілерін 22:0 есебімен ойсырата жеңді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Астанада жаңа зират қайда салынады


АСТАНА. ҚазАқпарат - Керегесі кеңейіп, халқының саны көбейген сайын Астанада жерлеуге арналған орындардың тапшылығы да анық байқалуда.

Bilim-all 

2019 жылы елордада балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 100%-ға жуықтайды

2016 жылы Астанада балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 70,6%-ды құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 6,1% жоғары. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенгазыев мәлім етті.

Казинформ 

Тараздық студенттер Универсиада құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін жамбылдықтар 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың алау эстафетасын қабылдады. Салтанатты рәсімге орай Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері мерекелік концерт ұйымдастырды. Бұл туралы ТарМПИ-дың Ақпараттық-имидждік қызметінің басшысы Жандар Асан мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Bilim-all 

Құрттың жасалу жолы, түрлері, адам ағзасына пайдасы

Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын зерттеуге арналған. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді.

Казинформ 

Астана ҚХЛ-2018 Жұлдыздар матчын өткізуге арналған дауыс беруде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Құрлықаралық хоккей лигасының ресми сайтында «Қай қала Жұлдыздар матчы-2018-ді қабылдауы тиіс» деген сауалға дауыс беру аяқталды. Астана 71% дауыс жинап, жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі астаналық «Барыс» ХК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Универсиада алауын алып жүрді

 
АСТАНА. ҚазАқпарат - "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінің Алматы облысындағы  меншікті тілшісі Самал Қабышева Бүкілəлемдік 28-ші Универсиада алауын алып жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Универсиадаға қатысатын ЖОО саны рекордтық көрсеткішке жетті - FISU


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2017 жылғы қысқы Универсиада қатысушы жоғарғы оқу орындарының саны жағынан рекордтық көрсеткішке жетті, деді ҚазАқпарат тілшісі Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) президенті Олег Матыциннің сөзіне сілтеме жасай отырып.

Казинформ 

Теннис: Серена Уильямс «Үлкен дулыға» турнирінде 23-інші рет чемпион атанып, рекорд жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін теннистен Австралия ашық чемпионатының финалында апалы-сіңлілі Винус және Серена Уильямстер өзара кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Ұйымдастырушылар Универсиаданың басты құпиясын ашты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Универсиаданың ашылу салтанатында тек қазақстандық әртістер, орындаушылар, бишілер өнер көрсетеді. Біздің басты құпияларымыздың бірін ашып отырмын», деді 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы дайындау және өткізу жөніндегі дирекциясы директоры Наиль Нуров. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Казинформ 

Валюта нарығындағы жағдай тұрақталды - Ақышев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда валюта нарығындағы жағдай тұрақталды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Ақша-несие саясаты жөніндегі техникалық комитеттің отырысын қорытындылап. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА хабарлады.