World News in Kazakh
Февраль
2017

Новости за 10.02.2017

Казинформ 

Талдықорғанға 62 млрд теңге инвестиция тартылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Былтыр Талдықорған қаласын дамытуға 62 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 млрд теңгеге артық. Әрі оның 50 пайыздан астамы жекеменшік қаражат. Бүгін бұл жөнінде қала әкімі Бағдат Қарасаевтың халық алдында есеп беру жиынында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

ОҚО-да 700 мыңнан астам адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 700 мыңнан астам адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Бұл туралы бүгін Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Әлібек мәлім етті.

Казинформ 

ОПЕК мұнай өндіруді күніне миллион баррельге төмендетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) мүшелері қаңтарда шикізат өндіруді тәулігіне бір миллион баррельге төмендетті. Бұл туралы жұма, 10 ақпанда жариялаған халықаралық энергетикалық агенттік (IEA) баяндамасында айтылады, деп хабарлады ресейлік lenta.ru.

Казинформ 

Сенат депутаттары республика аймақтарында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаттары Асқар Бейсенбаев пен Әли Бектаев еліміздің электр техникасы саласындағы көшбасшы болып табылатын Кентау қаласындағы трансформатор зауытында болды.

Казинформ 

Алдымызда бүгінгі медианың барлық талаптарына жауап беру міндеті тұр - Ерлан Қарин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяуда «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған Ерлан Қарин Фейсбуктағы парақшасында еліміздегі ең ірі медиа құрылымдағы жаңа қызметіне қатысты пікірін жеткізді.

Bilim-all 

Видеоойындар балаларымызды зорлық-зомбылыққа үйрете ме?

Видеоойындарда көрініс беретін қатігездік пен оның балаларға ықпалы – саясаткер, түрлі басылымдар мен белсенділердің сүйікті тақырыптарының бірі. Шындығында да, көптің пікірінше, атыспақ ойындар өмір мен виртуалды әлем арасындағы шекараны жояды әрі жаттығу процестерінің бір бөлігі ретінде америкалық әскерлерге арнап шығарылған.

Казинформ 

Астанада таксиге арналған аялдамаларды жабдықтау қажет - Кәсіпкерлер палатасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының басшысы Ғани Тасмағанбетовтің айтуынша, қалада такси ұстайтындар үшін арнайы аялдамаларды ашу қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Исекешев қар тазалаушылар арасындағы жемқорлықты құртпақшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі ретінде алғашқы қыстың қалың қарымен күресіп келе жатқан Әсет Исекешев осы саладағы бірқатар заң бұзушылықтардан кейін жеке кәсіпкерлермен жұмыс жасау әдісін өзгертпекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Ауыл тұрғыны Нұрлан Ноғаевқа өз қолымен жасаған домбырасын сыйлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Махамбет ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде жергілікті кәсіпкер Нұрлыбек Бисенбаев аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевқа өз қолымен жасаған домбырасын сыйға тартты. Айта кетелік, облыс әкімі бүгін, 10 ақпанда Махамбет ауданы әкімінің тұрғындарға берген жылдық есебіне қатысып, атқарылған жұмыстармен танысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Интернетте «жалаңаш» фотоны таратуға қандай жауапкершілік қарастырылған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интернетте «жалаңаш» фотосуреттерді тарату Қазақстан заңнамасы бойынша ұсақ бұзақылық немесе жеке өмірге қол сұғу ретінде қарастырылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Ақтөбеде құрт ауруына шалдыққандар ем алудан қашып жүр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде құрт ауруына шалдыққандар ем алудан қашып жүр. Өткен жылы облыстық туберкулезге қарсы диспансер жергілікті полиция қызметінен көмек сұрап, 33 науқас емдеу орнына жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Парижде теракті жасамақ болған бір топ адам ұсталды

ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Лаңкестік актіні жасауға әзірлік жүргізді деген күдікпен Парижде төрт адам, соның ішінде жасөспірім қыз ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Казинформ 

Қазақстанда қонақүйлердің коммуналдық шығындарын өтеу жоспарлануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі энерготиімді технологияларды енгізу мақсатында шипажайлар мен қонақүйлердің электр энергия және коммуналдық шығындарын субсидиялауды ұсынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның қонақүйлер және мейрамханалар қауымдастығына сілтеме жасап.

Казинформ 

ҚР ІІМ жүргізуші куәлігін жоғалтқандарға кеңес берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жүргізуші куәлігін жоғалтып алғанда немесе ол ұрланса көлік иелері қандай қадамдар жасау керектігі туралы кеңестерін берді, жеп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Ақтөбедегі тұрғын үй нарығында сұраныстан ұсыныс көп

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде пәтер сатып алушылардан, пәтер сатушылар саны көп. Тұрғын үй нарығында баға тұрақты. Дегенмен, пәтер сатып алушылардың 70 пайызы несие рәсімдеу үшін екінші деңгейлі банктердің қызметіне жүгінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Макинскі мен Павлодар картоптары деп жүргеніміз шын мәнінде пәкістандікі - «Атамекен» палатасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» ҰКП басқарма басшысының орынбасары Нұржан Әлтаевтың айтуынша, соңғы бес жыл бойы Қазақстан миллиондаған тонна картопты сырттан сатып алып келеді. Жыл сайын аталған өнімнің жалпы соммасы 16 миллион долларды құрайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.