World News in Kazakh
Февраль
2017

Новости за 11.02.2017

Казинформ 

Қызылордада соңғы 4 күнде заңсыз есірткі айналымының 4 дерегі тіркелді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Ақпан айында қызылордалық полицейлер есірткі затын заңсыз сақтаудың тағы бір дерегін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлады. 

Казинформ 

Калифорнияда 22 вагон суға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорнияның (АҚШ) Өрт күзеті бөлімі Сакраменто аймағында жүк пойызы вагондарының рельстен шығып кеткенін хабарлады. Вагондардың басым бөлігі жергілікті Косамнес өзеніне құлаған, деп хабарлайды БЕЛТА.

Казинформ 

Британиялық танымал боксшы Жақияновты жеңісімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық былғары қолғап шебері Пол Аптон (12-0, 2 КО) қазақстандық Жанат Жақтияновтың (27-1, 18 КО) америкалық Роши Уорренмен (14-2, 4 КО) болған кездесуін жоғары бағалады, деп хабарлайды Sports.kz.

Казинформ 

ҚазҰУ-да «Нутрициология» кафедрасы ашылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан тағамтану академиясы (ҚТА) ынтымақтастық келісімін орнатты. Ынтымақтастық аясында университеттегі Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде (ҚДЖМ) нутрициология кафедрасы (тамақтану туралы ғылым) ашылатыны жөнінде ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов пен ҚТА президенті Төрегелді Шарманов меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Шорт-трек: Медальға жақындап келеміз

АСТАНА. ҚазАҚпарат - Беларусь астанасы Минск қаласында шорт-трек спортынан Әлем кубогының соңғы алтыншы кезеңінде қазақстандық шорт-трекшілер іріктеуден сүрінбей өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

ҚР ОСК Төрағасы Түркіменстан Президент сайлауын байқауға қатысуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10-13 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев ТМД-дан байқаушылар Миссиясының құрамында 12 ақпанда болатын Түркіменстан Президентінің сайлауын байқауға қатысуда.

Казинформ 

Абаев әдеби порталды жаңартудың себебін түсіндіріп берді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, бүгінде әдебиет саласында жаңа таланттарды тауып, оларды қалың оқырман қауымға таныстыру жұмысын да назардан тыс қалдырмау қажет, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Singer-2017 байқауы туралы не білеміз

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Singer 2017» реалити-шоуы Корея Республикасы MBC телеарнасы «I am singer» әншілер жарысы реалити-шоуының қытайлық нұсқасы. Ән байқауы Қытайдың Хунан телеарнасынан 2013 жылдан бастап эфирде көрсетіле бастады. Жобаға Қытай эстрадасының жарық жұлдыздары, сондай-ақ Корея, Макао, Гонконг, Сингапурдан қытайға аты мәлім әншілер шақырылатындықтан, тележоба елде ерекше танымалдылыққа ие болған.

Казинформ 

Министр Абаев «Әдебиет порталының» таныстырылымында өлең оқып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Назарбаев университетінің ғимаратында adebietportal.kz - "Әдебиет порталының" жаңа нұсқасы таныстырылды. Шара барысында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзіне ұнайтын өлеңді оқып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қашағанды алғашқы игеру кезеңінде тәулігіне 450 мың баррель мұнай өндіру жоспарлануда

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан Қашаған кен орнында бірінші игеру кезеңінде тәулігіне 450 мың баррель мұнай өндіру жоспарлануда, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

БҚО әкімі «Ашық әкімдік» шарасында тұрғындарды қабылдады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов облыстық қазақ драма театрының фойесінде «Ашық әкімдік» шарасы барысында тұрғындарды қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Алматыдағы ҰҚК операциясы: 15 адам тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13-24 қаңтар аралығында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарымен бірлесіп Алматы қаласында және Алматы облысы аудандарында арнайы операция сериясын жүргізді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Казинформ 

WBA және IBO чемпионы Жанат Жақиянов жайлы не білеміз

АСТАНА. ҚазАҚпарат - Бүгін Американың Толедо қаласында қазақстандық Жанат Жақиянов (26-1, 18 КО) жергілікті боксшы Роуши Уорренмен (14-1, 4КО) жұдырықтасып, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды.

Казинформ 

Телевизия саласындағы үздік бағдарламалар анықталады - «Тұмар» ұлттық бәйгесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, ақпанның 12-сі күні, «Тұмар» атты I Ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысуға өтінімдерді қабылдау науқаны басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.