World News in Kazakh
Февраль
2017

Новости за 28.02.2017

Казинформ 

Франция президенті мінберде сөйлеп тұрғанда мылтық атылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция ел президенті Франсуа Олланд сөз сөйлеп тұрғанда полиция мергенінің мылтығы байқаусызда атылып кетті. Қаңғыған оқтан даяшы және тағы бір қызметкер жарақат алды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Казинформ 

Сәрсенбіде ел аумағында көктайғақ, тұман күтіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашынды, құбылмалы ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстік бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Казинформ 

Хореография саласында мектептерге арнайы бағдарлама әзірленеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хореография саласында Қазақстанның барлық жалпыға білім беру мектептері үшін арнайы бағдарламаны әзірленеді. Бұл туралы «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ мен «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Дербес білім беру ұйымының арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалу кезінде мәлім етілді.

Казинформ 

«Барыс» VS «Трактор»: есеп теңесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін астаналық "Барыс" xоккей клубы өз алаңында "Тракторды" қабылдап, плей-офф аясында кезекті төртінші матчын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қостанай аудандық сотында әйелін пышақтаған ер адам - дене шынықтыру мұғалімі


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі Амангелді аудандық сотында ер адам өз әйелін пышақтап өлтірген оқиға бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Бектас Бекназаров ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілімен діни еркіндік мәселелерін талқылады

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Парламент Сенатының орынбасары Бектас Бекназаров ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының діни еркіндік немесе сенім мәселелері жөніндегі аға кеңесшісі Кишан Маночамен кездесті.

Bilim-all 

Күн панельдерін кез-келген материал бетіне басып шығаруға мүмкіндік беретін тың әдіс табылды

Торонто университетінің инженерлері перовскиттен жасалатын күн панельдерін шығару технологиясын жетілдірді. Жаңа әдіс болашақта тиімділігі жоғары күн батареяларын газет сияқты оңай басып шығаруға мүмкіндік береді. Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі Science журналында жарияланған. Нарықтағы күн панельдерінің көпшілігін кристалды кремний қабаттарынан жасайды. Олар 1 000 °C-тан жоғары температурада жасалады. Сонымен қатар көптеген мөлшерде қауіпті ерітінділер қолданылады.

Казинформ 

Ресей Қырғызстаннан әскери базасын шығаруға дайын - Путин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей кез келген уақытта Қырғызстан аумағында орналасқан әскери базасын әкетуге дайын. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин Бішкекте Қырғыз Республикасының басшысы Алмазбек Атамбаевпен кездесуінен кейінгі баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды «Кабар».

Bilim-all 

Hyperloop тасымалдау жүйесі қандай болмақ: Дубайдағы Hyperloop One концепті

Business Insider басылымы Hyperloop One компаниясы ұсынған алғашқы Hyperloop капсулалы тасымалдау жүйесінің видеоконцептісіне көпшіліктің назарын аударды. Компания аталған тасымалдау жүйесінің құрылысын Дубайда іске асырмақ.

Казинформ 

Астанада алаяқ әйел пәтер сатып алушылардың 50 млн теңгесін қолды еткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015-2016 жылдары У. есімді азаматша өз таныстарының арасында Астананың сол жағалауында орналасқан «Новый мир», «Нұрсая-1» секілді тұрғын үйлердегі элиталы пәтерлерді нарықтағы бағадан төмен сомада заңды түрде сатып алудың мүмкін екендігі туралы ақпарат таратқан.

Казинформ 

Оралға қарасты Деркөл ауылында 1,1 млрд. теңгенің абаттандыру жұмыстары атқарылмақ

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Биыл Орал қаласына қарасты Деркөл ауылындағы 1-детальды жоспарлау жобасы шағынауданын абаттандыруға республикалық бюджеттен 1,1 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

ОҚО-да бір жылда 300 млрд. теңгеден аса салық өндірілген

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 300 млрд. теңгеден аса  салық өндірілген. Өңірлік Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының сөзінше бұл сома бекітілген жоспардан  11 млрд. теңге артығымен қамтамасыз етілгенін көрсетеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

ОҚО-да биыл 1300 шақырымнан астам жолда жөндеу жұмыстары басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 501 нысан немесе 1356,1 шақырым жол мен көше, 3 жаяу жүргіншілер өткелі және 12 көпірде құрылыс-жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Ақтауда мектеп оқушысы 60 долларға «ақылды үй» жасап шығарды

АҚТАУ. ҚазАқпарат -  Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биологиялық бағыттағы 12-сынып оқушысы Есет Сидешов «Smart-house» («Ақылды үй») жобасын жасап шығарды. Тұтастай жоба құны 60 доллар, бұл smart-технологияның шындыққа айналғанына сендіре түседі, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.