World News in Kazakh
Март
2018

Новости за 06.03.2018

Казинформ 

10 елдің тоғызқұмалақшылары бақ таластырған турнир аяқталды


ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 2-6 наурыз күндері аралығында мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Жарымжан жандар жасанды ұрықтандыруға арнайы квота бөлуді сұрады


АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың «Тәуелсіз өмір» ДOС» қоғамдық бірлестігі арбаға танылған мүгедектер үшін экстракорпоралды ұрықтандыруға (ЭКҰ) арнайы квота бөлуді сұрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда инфо сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

Аралда тәулік бойы жаңбыр жауып, үйлерді су басу қаупі туындады


ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Арал қаласында өткен аптада жауған қар мен күні кеше тәулік бойы жауған жаңбырдың салдарынан бірқатар көшелер мен жеке тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Сирияда апатқа ұшыраған ұшақта Ресейдің 39 әскериі болған


АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияда апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағында 6 экипаж мүшесі мен 33 жолаушы болған. Олардың отбасыларына қажетті көмек пен қолдау көрсетілетін болады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Оралда тар жолмен тайғақ кешкен үш абысынның ғұмыры туралы кітап шықты


ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында елге танымал ақын-ұстаз, ҚР білім беру саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалі мен Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері Дариға Мұштанованың «Аңыз болған абысындар» атты жаңа кітабы таныстырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Сағадиев Үкімет басшысына отандық ғылымды дамыту жоспарын баяндады


АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 наурыз күні Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

7 наурызда ел аумағында күшті жел мен жауын-шашын сақталады


АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 7 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, жауын жауады, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Жекелеген аумақтарда жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Казинформ 

Астанада айыппұлдар көлік иелерінің нақты тұратын жеріне жіберіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құқықбұзушылықтар бойынша мәліметтер базасы Астанадағы «Сергек» жүйесімен біріктірілді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жауын суының жиналуына қатысты елорданың барлық коммуналдық қызметтері күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

Павлодарлық оқушы оң жақ рульді автокөліктерге арналған құрылғы ойлап тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Мирас Шакрат оң жақ рульді автокөліктерге арналған құрылғы жасап шығарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Azattyq.org 

Сирияда ресейлік ұшақ апатқа ұшырады

6 ақпан күні Сириядағы Хмейми авиабазасына қонарда ресейлік Ан-24 ұшағы апатқа ұшырады. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, апаттан 26 жолаушы және алты экипаж мүшесі мерт болған.  Министрлік өкілдері ұшақты атып түсірмегенін, апатқа техникалық ақау себеп болу мүмкін екенін айтады. Ресей ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімдерін әлі жарияламады.  2018 жылдың басында Сирияның Идлиб провинциясында содырлар ресейлік Су-25 ұшағын атып түсірген. Ұшқыш Роман Филипов жердегі атыс кезінде мерт болған.

Казинформ 

ШҚО әкімі Ұлыбританияда жүр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Еуропа қайта құру және даму банкімен серіктестік аясында жұмыс сапарымен Ұлыбританияда жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Казинформ 

Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көктемнің шуақты мерекесі - Наурыз мейрамына арнап елордада мәдени-ойын-сауық бағдарламасы әзірленді. Дәстүр бойынша басты шаралар 21-22 наурызда қаланың ашық алаңдарында сағат таңғы 10.00-ден кешкі 18.00-ге дейін өтеді, деп хабарлайды Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы.

Казинформ 

Үш облыстың аумағында көлік қозғалысына толықтай шектеу енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағындағы бірқатар республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «Қазақавтожол» ЖШС мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.