World News in Kazakh
Март
2018

Новости за 19.03.2018

Казинформ 

Қарағанды облысында созылмалы науқастарды тегін дәрімен қамту шығындары ұлғайтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу тиімділігі мен барысы Қарағанды облысы әкімдігінің аппараттық жиналысында талқыланды.

Казинформ 

ШҚО: Жаңбыр жауады деген болжам тағы да су басу қаупін тудырды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменнің ЖМК, №19, 20 шағын аудандары енді Шешек асуынан аққан судың астында қалмайтын болды. Облыс әкімі Даниал Ахметов Сәтпаев даңғылын бойлай қазылған арық-бөгет жүйесін өзі барып тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Саша, анаңа қол бұлғашы?! - Паралимпиада чемпионы Александр Колядинді қалай қарсы алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында қазақстандықтар 2018 жылғы Паралимпиада ойындарына қатысқан спортшыларды қарсы алды, деп хабарлайды "SPORTINFORM" САА.

Казинформ 

СІМ-де Қоңыр Мандокидің жұбайы ғалым туралы естеліктерімен бөлісті

АСТАНА, 2018 жылғы 19 наурыз - Сыртқы істер министрлігінде атақты мажар саясаттанушысы, түркітанушы, қыпшақ тарихын зерттеушісі Иштван Қоңыр Мандокидің зайыбы Оңайша Мандокимен кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме  жасап.

Казинформ 

Берік Имашев: РФ-ның сайлауда онлайн марафон ұйымдастыру тәжірибесі қызықты болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Ресей Федерациясы Президентінің сайлауындағы ТМД байқаушылары миссиясының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ОСК-ге сілтеме жасап.

Azattyq.org 

Оралдық журналист полициядан ескерту алды

19 наурызда Оралдағы "Уральская неделя" газетінің редакциясына полиция келіп, басылым қызметкері Ақмарал Шаяхметованы алып кеткен. Журналистің Азаттыққа айтуынша, полиция оны Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде апарып, "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын әлеуметтік желіде насихаттап, қолдағаны үшін ескерту беріп, босатқан. Шаяхметова бірнеше күн бұрын "жергілікті видеоблогер Асқар Шайғұмаровты ҚДТ қозғалысын қолдады деген желеумен полицияға шақыруына қарсылық" ретінде жазба жариялаған айтады. Читать дальше...

Azattyq.org 

ЕҚЫҰ Ресей сайлауын "шын бәсекесіз таңдау" деді

Владимир Путинді басым көпшілік президент етіп таңдады деп жарияланған сайлауды басқа кандидаттар "дауыс беру процедурасы бұзылды" деп, ал халықаралық бақылаушылар "бәсекесіз өтті" деп сынады. Ресейдің Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилова наурыздың 19-ында бюллетеньдер түгелге жуық саналып біткенде Путиннің жеті бәсекелесін соңында қалдырып, 76.7 пайыз дауыс жинағанын мәлімдеген. Бұл - Совет Одағы құлағалы бері Ресей жетекшілері жеткен ең жоғары көрсеткіш. Сайлаушылардың 67 пайызы дауыс бергені хабарланған. Читать дальше...

Azattyq.org 

Алматы әкімдігі фотографқа өтемақы төлейді

Алматының Бостандық аудандық соты "министрлік "Рухани жаңғыру" бағдарламасын насихаттау үшін суретімді рұқсатсыз пайдаланды" деген фотографтың арызын жартылай қанағаттандырды. Бірақ фотограф Сәрсенбек Қызайбекұлы министрліктің жазаланбай қалғанына наразы. Ол басқа облыс әкімдіктерін де сотқа беруге ниетті.

Казинформ 

Италия ғалымдары қостанайлық аграрийлерге цифрландырудағы тәжірибелерін таныстырды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Италиядан келген ғалымдар мен қостанайлық агроөндірістік кешен мамандары ауыл шаруашылығы саласына енгізілетін жаңашылдықтар туралы кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

AzatNews 19.03.2018

Ауыз суға жарымаған ауыл Есілдің суын ішіп отыр. Төртінші рет президент болып сайланған Путин келесі сайлауға қатыспайтынын айтты.

Казинформ 

Мәулен Әшімбаев Жапония және ГФР елшілерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытында қарқынды жұмыс істеуде. Осыған орай партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабатамен және Германия Федеративті Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэльмен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА саяси ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Астанада Наурыз мерекесінде ұйымдастырылатын шаралар белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі құрметіне Астанада ерекше мәдени ойын-сауық бағдарламалар дайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

Алик Шпекбаев қызметтік көлікті пайдалануға қатысты пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің төрағасы Алик Шпекбаев мемқызметшілердің қызметтік көліктерді пайдалануы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Ақтөбеде онкологиялық дертке шалдыққан балаларды емдейтін орталық салынып жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жыл сайын 30-35 баладан онкологиялық дерт анықталып жатыр. Оларды Алматы мен Астанада емес, Ақтөбеде емдеу үшін онкогематология орталығы салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

Мектептегі директор мен мұғалім дауы

Алматы облысы Қайназар аулының орта мектебінде мұғалім мен директор соттасып жатыр. Назигүл Абирова директордың үстінен шағымданғаны үшін қудаланып жатқанын айтады. Директор Табысхан Абылайханов мұны жоққа шығарады.

Azattyq.org 

Матаев: "Билік ұлымды кепілде ұстап отыр"

Алматы облысының Заречный кентіндегі колонияда "қаржы жымқырды" деген айыппен бес жылға сотталып, жаза өтеп жатқан Матаевты өткен жұмада сот қоныс колониясына көшіруге рұқсат бермеген. Әсеттің әкесі, былтыр желтоқсанда шартты түрде босап шыққан Сейітқазы Матаев соттың жазаны жеңілдетпеуінің астарынан саяси мотив көреді. Оның сөзінше, билік өзін халықаралық ұйымдар алдындағы имижді үшін босатқанымен, ұлын кепілдік ретінде ұстап отыр. Бүгін Сейітқазы Матаев пен құқық қорғаушылар жиын өткізіп, Жоғарғы... Читать дальше...