World News in Kazakh
Июль
2018

Новости за 20.07.2018

Казинформ 

Қызылордалық студент компьютерлік вирусқа қарсы жоба ойлап тапты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық студент Дастан Айтбай вирусқа қарсы қорғаныс ретінде қолданылатын арнайы жобаны ойлап тапты. Бұл жоба облыс әкімдігінің қолдауымен ақпараттық технологияны дамыту мақсатында ашылған ІТ-паркінде көпшілікке кеңінен таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Таразда Денис Теннің суреті салынған баннер орнатылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласындағы «Жеңіс» саябағында Денис Теннің суреті бейнеленген баннер орнатылды. Спортшыға құрмет көрсетіп, еске алғысы келгендер осында келіп, шырақ жағып, гүл шоқтарын қоя алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Көкшетау халқы Денис Теннің құрметіне шырақ жағып, гүл шоқтарын қойды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулықтар қаланың орталық алаңында  қыршын кеткен қысқы олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тенді бір минут үнсіздікпен еске алып, портретіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Атырауда түнгі сот жұмыс істейді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда түнгі сот жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Батыс Қазақстанда билер кеңесі құрылуда

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында билер кеңесі құрылуда. Бұл туралы облыстық сотта өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Денис Теннің жақындары қайғылы оқиға куәгерлерінен көмек сұрады


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Денис Теннің туыстары мен жақындары әлеуметтік желіде хабарлама таратты. Олар оқиғаға куә болған адамдардың хабарласуын өтінді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Казинформ 

Желіде Денис Теннің жаңа әні жарияланды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Гәкку музыкалық телеарнасы Денис Теннің орындауындағы жаңа «She won't be mine» әнін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Bilim-all 

Дрондар Қазпошта жұмысын жеңілдетіп жатыр

Өздігінен ұшатын аппараттар еліміздің шалғай аймақтарына сәлемдемелер таратып, пошта қызметін жеңілдетуге көмектесіп жатыр. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Махаббат Сеитова «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Казинформ 

Ақтөбе облысында ескерту жарияланды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Казинформ 

Денис Теннің туыстары қоштасу рәсімін лайықты өткізуді сұрады


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Денис Теннің немере ағасы Алматыда көше бұзақылары қолынан қаза тапқан спортшыны ақтық сапарға лайықты түрде шығарып салуды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.