World News in Kazakh
Июль
2018

Новости за 24.07.2018

Казинформ 

«Қазгидрометтің» 25 шілде күнгі ауа райы болжамы


АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 шілде күні антициклон Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын анықтайды. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Казинформ 

ШҚО-дағы Атом көлі: Адамдар қауіпті суға шомылуға неге құмар


СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Қазақстандық Ұлттық ядролық орталығының ғалымдары атом көлінің демалушыларға қауіпті екенін айтып, дабыл қағып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Казинформ 

Қазақстандық оркестр Италия төріндегі концертін Денис Теннің рухына арнады


ИТАЛИЯ. ҚазАқпарат - «Академия солистов» мемлекеттік камералық оркестрі Италияның Берголо қаласында өткен концертін қаза болған Олимпиада жүлдегері Денис Тенге арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Астана мен Алматы туристер сапарлайтын ТМД-ның үздік қалалары ондығына кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ТурСтат сараптамалық агенттігі туристердің жазғы саяхаттауына лайықты үздік қалалар рейтингін жасақтады, деп хабаралайды ҚазАқпарат ТурСтат-қа сілтеме жасап.

Казинформ 

ФИФА: Гризманн мен Модрич жылдың ең үздік ойыншысы атануы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция құрамасының және"Атлетиконың"   шабуылшысы  Антуан Гризманн және  Хорватия құрамасының және "Реалдың"  жартылай қорғаушысы Лука Модрич Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер қатарына кіріп отыр, деп хабарлайды ТАСС агенттігі ФИФА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Әзербайжан Қазақстанға шарап экспорттайды

БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжан 2018 жылдың соңына дейін Қазақстанға шарап экспорттауды бастамақ, деп хабарлайды Trend  Әзербайжан шарап экспорттаушылары мен өндірушілері қауымдастығының төрағасы Эльчин Мадатовқа сілтеме жасап.

Tengrinews.kz 

Места, где стоит побывать до 40 лет

Путешествие - одно из лучших удовольствий в жизни. Однако с возрастом наши предпочтения и представления об отдыхе имеют свойство меняться. То,

Казинформ 

Қазақстан жазғы Азия ойындарында қанша медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан тәуелсіз ел ретінде Жазғы Азиада ойындарына 1994 жылдан бастап қатыса бастады. Содан қазірге дейін Қазақстан құрамасы 6 Жазғы Азия ойындарында бақ сынап үлгерді. Енді, санаулы күндерден кейін жерлестеріміз үшін жетінші Жазғы Азиаданың алауы тұтанады.

Казинформ 

«Астана» Чемпиондар Лигасының матчына Денис Теннің портреті бейнеленген футболкамен шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футболшылары Чемпиондар Лигасының даттық «Мидтьюлландпен» матчында қаза тапқан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннді құрметпен еске алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Казинформ 

Атырауда вокзалда «жасырын сатып алушылар» нені анықтады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 18-21 шілдеде облыстық арнайы бақылау тобы Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментімен бірлесіп, Атырау вокзалында қазақстандық теміржол компанияларының жұмыс сапасын тексерді.

Azattyq.org 

БҚО-да жүздеген шаруашылық полигон аумағында орналасқан

Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауданындағы 127 мал шаруашылығы Ресей жалға алған әскери сынақ полигоны аумағында орналасқан. Бұл туралы Азаттыққа аудан әкімі Нұрлан Рақымжанов айтты.  Әкімнің сөзінше, жалға алған жер қауіптілігі жағынан үшке бөлінген. Шаруашылықтар үшінші категорияда орналасқан.  - Үшінші категорияда сынақ өте аз болады. Негізгі сынақтар бірінші және екінші категорияда жүргізіледі. Әскерилер ол жерде сынақ басталғаны туралы ескерту жасауға міндетті емес. Себебі ол маңда біздің шаруашылықтар ол маңда болмауы керек... Читать дальше...