World News in Kazakh
Май
2024

Новости за 16.05.2024

Azattyq.org 

«Қара вермишелімізді сағындық». Эвакуация орталығындағы өмір

Ақтөбе облысында мыңнан аса адам екі айға жуық уақыттан бері эвакуация орталықтарында тұрып жатыр. Тасқын басталғалы үйлерін көрмеген. Олардың көбі — қаладан жер алуды, пәтер жалдауды қалтасы көтермей, жыл он екі ай саяжайда тұратын азаматтар. «Жағдайымыз жақсы болса да, көңіліміз алаңдаулы» дейді.

Azattyq.org 

Құлсары халқының талабына әкімнің жауабы

Атырау облысы Құлсары қаласында үйлерін тасқын су бүлдірген тұрғындар өтемақы мәселесіне алаңдаулы. Олар жаңадан салынатын үйлердің өтемақысын қолға беруді, әрбір шаршы метрін 400 мың теңгеден есептеуді сұрайды. Облыс әкімі 240 мың ұсынады.

Azattyq.org 

Құлсарыдағы наразылық. Тұрғындар Тоқаевты шақырады - AzatNEWS | 16.05.2024

Атырау облысының Құлсары қаласында тасқын су үйін қиратқан жүздеген адам лайықты өтемақы беруді талап етіп орталық алаңда тұр. || Тасқын судан соң үдере көшіп, Ақтөбе қаласында екі айдан бері эвакуация орталығын паналап отырған жұрт көмекті жеделдетуді сұрайды. || Ресей президенті Қытайға барды.