World News in Kazakh
Май
2024

Новости за 23.05.2024

Azattyq.org 

Екі белсенді «есірткі сатты» деп ұсталды

Астанада «есірткі сатты» деген күдікпен тағы бір белсенді ұсталды. Асанәлі Сүйінбаевтың жақтастары бұны «саяси қудалау» деп санайды. Бұдан бұрын белсенді Айдар Сыздықов осы баппен қамауға алынған. Бірақ ішкі істер министрінің орынбасары азаматтарды «саяси белсенділігі үшін ұстамаймыз» дейді.

Azattyq.org 

Көтерілген Жайық, тасыған Талғар, қару кезенген Қытай - AzatNEWS | 23.05.2024

Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп келеді. Алматы облысында Талғар өзені тасып, Ават ауылындағы апатты көпір жабылды. ||Қытай әскері Тайвань аралын түгел қоршап алып, жаттығу өткізіп жатыр.|| Чехиядан Қазақстанға барған аю неге өліп қалды?

Azattyq.org 

Прагадан Алматыға ауысқан Том аю өліп қалды

Алматы зообағында Прагадан жеткізілген Том есімді ақ аю өліп қалды. Ол Қазақстанға екі ай бұрын келген. Алматы зообағының ресми мәлімдемесінде аюдың өліміне «созылмалы дерті себеп болғаны» айтылған. Бірақ хайуанды 15 жыл бойы күтіп-баққан тарап Том Қазақстанға сап-сау кеткен дейді.

Azattyq.org 

Атырауда Жайық суы ернеуінен асуға шақ тұр

Атырау облысында Жайық өзенінің деңгейі күн санап көтеріліп келеді. Атырау қаласының өзінде де байқалған. 23 мамырға қараған түні Жалғансай ауылының тұрғындары шұғыл көшіріп, кейін үйлеріне қайта оралды.