Қарахан
Қарахан деген қадірлі хан болыпты. Қырық уәзірімен бір жерге сейілге шығыпты. Әлгі сейілге шыққанда, қырық уәзірдің қасында қырық кісі бар екен. Сейілге шығып жолда келе жатқанда, Қараханның қамшысы түсіп кетеді. Сол арада көп кісі – қырық уәзір, қырық кісі, тегісімен атынан түсе қалып, ханның қамшысын әпермекші болады. Тигені қамшыны ұстап, тимегені тек ұмтылып, бәрі де ханға құрмет қылады.