Учаскелік инспектор соққыға жығылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оқиға күні кеше шаңқай түсте тіркелген. Шымкенттегі Тельман бөлімшесіне қарасты Сәрсенбаев көшесінің тұрғынының үстінен арыз түскен. Осы ауданның учаскелік инспекторы балағаттаған азаматты арызбен таныстыруға келген.