Алматыда спорт нысандарын басқару дирекциясы құрылды (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында 2017 жылы болатын бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарына арнап салынған спорт нысандарын басқару жөнінде дирекция құрылды. Бұл туралы бүгін Алматыда Универсиадаға дайындық аясында отандық өнім өндірушілермен ынтымақтасу форумы барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлім етті.