Жаңақалада келіндер байқауы өткізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігі мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурс бірлесіп «Жаңақала келіні-2016» аудандық байқауын өткізді. Бұл туралы zhaikpress.kz хабарлады.