Астанада полиция балаларының қазасын әділ тергеуді талап еткен аналарды ұстады
15 қаңтарда Астанада полиция балаларының қазасын әділ тергеуді талап етіп жүрген үш ананы ұстап әкетті деп хабарлады құқық қорғаушы Инга Иманбай. "Аналар Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұжымдық өтініш тапсыру үшін барған. Өтініштің мақсаты — балаларының өліміне қатысты қылмыстық істердің объективті, тәуелсіз және толық тергелуін талап ету. Алайда олар ғимаратқа кіріп үлгермеген. Өтініш қабылданбаған. Аналарды полиция белгісіз бағытқа алып кеткен" деді Инга Иманбай. Азаттық олардың телефонына хабарласқан кезде сөніп тұрды. Читать дальше...