ОҚО-да "терроризм" айыбымен тағы екі күдікті ұсталды
Оңтүстік Қазақстан облысында "терроризмді насихаттады" деген айыппен екі күдікті ұсталды. деп хабарлайды Азаттыққа ОҚО облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің мәлімлеуінше, “жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыстық ішкі істер департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінің қызметкерлері” Түркістан қаласы мен Сайрам ауданында “діни радикалдық аудио және бейнежазбаларды таратты” деген күдікпен 1990 және 1995 жылы туылған екі азаматты ұстаған. Читать дальше...