Грузия орталық сайлау комиссиясы Кавелашвилидің жеңгенін мәлімдеді
Грузияның орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында Михаил Кавелашвилидің жеңгенін мәлімдеді. Кавелашвили президенттіктен үміткер жалғыз кандидат болған, оны басқарушы "Грузин арманы" партиясы ұсынған. Кавелашвили Батысқа қарсы популистік ұрандар айтып жүрген билікшіл "Халық күші" партиясына мүше. Президентті сайлаушылар коллегиясы сайлады. Ресми мәлімет бойынша, Кавелашвилиге сайлаушылар коллегиясына мүше 300 адамның 224-і дауыс берген, оның сайлануы үшін 200 адамның дауысы жеткілікті болған. Читать дальше...