"Қазақмыстағы" ереуіл: Компания үстемақы төлене бастағанын, жұмысшы қоқан-лоқы жасалғанын айтты
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі шахта кеншілері 17 желтоқсаннан бастап ереуілдеп жатыр. Жұмысшылар негізінен жалақыны өсіруді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етеді. Олар жұмысты тоқтатқан. "Қазақмыс" корпорациясының PR департаментінің басшысы Арман Әлібектің сөзінше, "түсіндіру жұмыстарынан" кейін "Саяқ" (Қарағанды), "Жайсан" және "Шатыркөл" кеніштері (Жамбыл облысы) мен "Жезқазған мысбалқыту" зауытының жұмысы қалпына келтірілген. Олар "Оңтүстік Жезқазған" кенішіндегі... Читать дальше...