11 қаңтарда АҚШ-тың Мэриленд штатында қазақ жазушысы Мұхтар Мағауинмен қоштасу рәсімі өтті. Жаназа Diyanet Center of America мешітінде оқылды.
Қоштасу рәсіміне ондаған адам қатысты. Арасында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев, сол жақтағы консул Жүсіп Орынбай, Америкадағы қазақ қауымдастығының өкілдері, “Болашақ” бағдарламасымен оқып жатқан студенттер де бар.
Бұған қоса, жазушының отбасы, балалары мен немерелері, достары қатысты.
Жазушы Вашингтон маңындағы Parklawn Memorial зиратына жерленді. Читать дальше...