World News in Kazakh
Март
2017

Новости за 01.03.2017

Казинформ 

Сенатта конституциялық реформалар аясындағы соттар мен прокуратура қызметінің келешегін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенатта мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі конституциялық реформалар жобасы бойынша Жоғарғы Сот пен Бас прокуратура басшылығымен кездесу болды.

Казинформ 

Қазақстанда көктемгі мезгілде ауыр салмақты автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 1-наурыз бен 1-мамыр аралығында жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалуына біліктік жүктемелері бойынша уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Бейсенбіде еліміздің батысынан басқа өңірлерде ауа райы құбылмалы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 наурызда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашынды, құбылмалы ауа райы сақталады, жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі, тек республиканың батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Bilim-all 

Электр қуатын үнемдеу жолдарын білесіз бе?

Ақшаңызды үнемдеуге көмектесіп, электр қуатына аз шығындалуға мүмкіндік беретін тәсілдер көп. Оны біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Мұндай қулықтардың кейбірі қосымша шығын қажет етуі мүмкін. Мысалы, терезелерді жылылау. Бұл ретте бірақатар адам энергетикалық тиімді тұрмыс техникаларын алуды жөн көреді.

Казинформ 

Сырдариядан биыл су тасқынының қаупі жоқ - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Көктем шыға Қызылорда облысындағы елді мекендерге Сырдария өзеніндегі мұз қауіп төндіретіні бар. Мамандар биылғы жылы дария бойындағы қауіптің азайғанын алға тартып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі хабарлады.

Казинформ 

Елордалық спортшылар АҚШ-та бессайыстан Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20-27 ақпан аралығында АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында қазіргі заманғы бессайыстан Әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталды. Ауқымды шарада еліміздің атынан Астана қаласы әкімдігінің мамандандырылған жоғары спорттық шеберлік мектебінің спортшылары Павел Ильяшенко, Владислав Сухарев, Елена Потапенко өнер көрсетті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Димаш Құдайберген «Singer» байқауының келесі кезеңінде қытайша ән айтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың «Хунан TV» телеарнасындағы «Singer-2017» ән байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жобаның сегізінші кезеңінде қытай тілінде ән айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Қазақстандағы Жапония елшісі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды


ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысына Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабата жұмыс сапарымен келді. Ол облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесіп, аймақтағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады,-деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Казинформ 

Бас прокуратура кейбір өкілеттіліктерін сотқа беруді ұсынып отыр

АСТАНА.ҚазАқпарат - Бүгін сенаторлармен кездескен ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу аясында прокуратура органдарының жұмысын жеңілдетуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Бүгін қарапайым қазақ отбасыларын ұлықтайтын күн - Дариға Назарбаева

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы "SOS балалар ауылына" барған Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева алғыс айту күнінің терең мағынасына үңілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Bilim-all 

ИСЛАМ – БЕЙБІТШІЛІК ДІНІ

Араб тілінде «Ислам» сөзі бойсұну, бағыну, мойындау мағынасын білдіреді. Шариғатта бұл сөз «Аллаға тек оған ғана ғибадат етіп бағыну, бұйрықтарын орындау арқылы бойсұну және көпқұдайшылықтан арылып, оның жақтастарына қарсы болу»

Казинформ 

Шымкентте Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте  1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті. Қаладағы салтанат сарайында ұйымдастырылған шара 200 жастың «Мың алғыс!» флешмобымен басталып, этномәдени бірлестіктердің өкілдері тарапынан бейбітшілік белгісі ретінде 1000 шар әуеге ұшырылды , деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Bilim-all 

Дін мен дәстүр егіз ұғым

Ислам діні – адамзат тарихы мен өркениетіне айрықша үлес қосқан ең ұлық дін. Оның туы желбіреген жерлерде әрдайым білім мен ғылым дамып, адамзат адамгершілік пен парасаттың шыңына көтерілген. Шөліркеген даладай қуаңсып, суалған көлдей құлазыған мекендер мұсылманшылықтың аяқ басуымен көгалды шалғын, көк майсалы жерге айналды. Қасиетті Құран Кәріммен бірге қазақ даласына үлкен Ислам өркениеті келді. Ғылым, білім жанданды. Көптеген қалалар салынды. Онда медреселер мен ғылыми ошақтар жұмыс істеді.

Казинформ 

Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 26-бабын ескі редакцияда қалдыруды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Билік тармақтары арасындағы өкілеттікті қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының отырысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 26-бабын ескі редакцияда қалдыруды ұсынды.

Казинформ 

Нұрлан Смағұлов балалар ауылына су жаңа үш көлік сыйлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көктемнің алғашқы күнінде танымал кəсіпкер, "Астана Моторс" компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов Астанадағы "SOS балалар ауылының" тəрбиеленушілеріне үлкен сыйлық жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

АҚШ долларының бағамы 313,94 теңгені құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамы  313,94 теңге болды.

Казинформ 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Дүтбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевты қамауда ұстау мерзімі 26 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Түлкібас ауданына жаңа әкім тағайындалды - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданына жаңадан әкім тағайындалды.  ОҚО əкімі Жансейіт Түймебаев Түлкібас ауданының əкімі болып тағайындалған Нұрбол Тұрашбековты таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Казинформ 

«Бәйтерек DEVELOPMENT»-тің бұрынғы басшыларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық соты ірі сомада пара алды деген күдікпен ұсталған «Бәйтерек DEVELOPMENT» компаниясының бұрынғы лауазымды тұлғаларын қамауда ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Мәслихаттардан шығып қалған депутаттардың орнына 201 кандидат ұсынылды - Мелдешов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына 201 кандидат ұсынылды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт  Мелдешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.