World News in Kazakh
Сентябрь
2017

Новости за 05.09.2017

Казинформ 

Италия профессоры қазақстандық хиругтерге көмей патологиясына ота жасауды үйретуде

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық хирургтар балалардың көмейінің тарылуын емдеу бойынша жаңа технологиялар меңгеруде, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Астанада 5 күнге лайықталған күнделікті сатып алудың қажеті жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық білім басқармасының өкілдері 5 күнге созылатын сабаққа режіміне арналған күнделікке қатысты алаңдаушылық білдірген ата-аналарға жауап берді. Бұл түсініктеме басқарманың Фейсбуктегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Казинформ 

ҚМДБ Мьянма мұсылмандарына жасалған қасіретті айыптайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мьянмада орын алған қайғылы оқиғаға байланысты қатты алаңдаушылық білдіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Казинформ 

Мәскеу маңындағы мектепте оқушы оқ атып, жасанды жарылғышты іске қосқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Мәскеу облысы Ивантеевка қаласындағы №1 мектебінде 5 қыркүйекте жасөспірім пневматикалық қарудан ғимараттағыларға қарсы оқ атқан. Оқушы ұсталды, бастапқы мәлімет бойынша шабуылдан төрт адам зардап шеккен. Бірі мұғалім, қалғаны оқушылар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып .

Казинформ 

Сәрсенбіде Қазақстанның кей жерлерінде жауын жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 қыркүйекте Қазақстанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал, дауыл, екпінді жел күтіледі, тек еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Солтүстік батыста түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Казинформ 

Қызылордалықтар бір апта бойы денсаулықтарын нығайтпақ

ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат - «Денсаулық» фестивалі елімізде 20 жылдан бері аталып өтілуде. Салауатты өмір салтын насихаттау шарасы биыл 9 қыркүйекке белгіленді. Ал Қызылорда облысында фестиваль аясында апталық ұйымдастырылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жастар денсаулық орталығының бас дәрігері Жанар Қалмақова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

«Егемен Қазақстан» ағылшын тілінде ақпарат тарата бастады



АСТАНА. ҚазАқпарат - «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің ресми сайты ағылшын тілінде хабар таратуды бастады. Осылайша, бүгінгі күні еліміздің бас газетінің электронды нұсқасын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, сондай-ақ латын қарпінде және төте жазумен оқуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Казинформ 

Оңтүстікте келісі жылы 30 шағын су қоймасы салына бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясы отырысының кезекті мәжілісі өтті. Жиынға комиссия мүшелері, аудан, қала әкімдері мен жауапты баскарма басшылары қатысты.

Казинформ 

Тілшілер Тәуелсіздік, Елбасы тақырыбындағы үздік мақалалары үшін 1 млн теңгеден алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президені кітапханасы мен «ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы қоры» журналистер арасында «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбында шығармашылық байқау өткізуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Ақмола облысының 115 білім нысанында қазандықтарды сыртқа шығару қажет

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының 115 білім нысанында қазандықтар ғимараттың ішінде орналасқан. Осыған байланысты, оларды сыртқа шығару бойынша жұмыстар жүргізілмек. Бұл туралы аймақ басшысы Мəлік Мырзалиннің төрағалымен өткен аппарат мəжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

СҚО-да мас күйінде көлік жүргізген ауыл әкімі жазаға тартылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Әдеп жөніндегі кеңесте М. Жұмабаев ауданы Александров ауылдық округінің әкімі Қайыргелді Байтақовқа қатысты тәртіптік іс қаралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің қорытынды манифесі әзірленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ЭКСПО көрмесі аясында өткен «Болашақтың энергиясы» форумының 12-сессиясында «ЭКСПО-2017-нің қағидалары мен құндылықтары манифесі» атты қорытынды құжат ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Казинформ 

БҚО-ның киелі Бөкей ордасы ауданына ұшақ қатынайтын болады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешені Қазақстанның 100 киелі нысанының тізіміне енгізілгені белгілі. Осыған орай Бөкей ордасы ауданында әуе қатынасын жолға қою ойластырылуда. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

«Абай жолы» романын ағылшын тіліне аударғым келеді - 8 тілді еркін меңгерген ғалым Қуаныш Жұмабек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Болашақта Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романын қазақ тілінен тікелей ағылшын тіліне аударғым келеді, дейді қазақ ертегілерін ағылшын тіліне аударған, 8 тілді еркін меңгерген жас ғалым Қуаныш Жұмабек ҚазАқпарат тілшісімен болған сұхбатта.

Казинформ 

Сағынтаев халықаралық әл-ауқат қорлары форумына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Халықаралық тәуелсіз әл-ауқат қорларының форумы (IFSWF) өз жұмысын бастады. IFSWF жыл сайынғы IX отырысының ашылу салтанатына ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысты, деп жазады primeminister.kz.

Казинформ 

Сапарбаев мұнай-газ саласында Қытаймен серіктестіктің 20 жылдығымен құттықтады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қазақстан-Қытай арасындағы мұнай-газ серіктестігіне 20 жыл толды. Ақтөбедегі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ 20 жылда 100 миллион тонна мұнай өндірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Су астында қалған ежелгі римдік қала табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунис ұлттық мұра институтының археологтары біздің дәуіріміздің 365 жылы 21 шілдесінде болған цунамидің салдарынан қираған ежелгі римдік Неаполис қаласының су астындағы үйінділерін тапты, деп жазады Лента.ру.

Казинформ 

ЭКСПО-2017: 11 жасар ақмолалық оқушы әлем рекордын орнатты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде 11 жасар ақмолалық Әмір Махмет шөлмектердің үстінде 53 жаттығу жасап, жаңа әлем рекордын орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

«Әлем барысына» 2014 жылғы чемпион Брайсон тағы қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 8 қыркүйекте Қазақ күресінен өтетін әлемдік дәрежедегі чемпионатқа 2014 жылы «Әлем барысы» атанған кубалық Видал Брайсон да қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Қазақстандықтарға шетелде жұқпалы аурулардан сақтанудың жолдары айтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шетелге сапарлайтын қазақстандық туристер үшін аса қауіпті және қайта өршіп жатқан инфекциялық ауруларды жұқтырып алмау бойынша жадынама әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Бауыржан Байбек Италияның экономикалық даму вице-министрімен кездесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Италияның экономикалық даму вице-министрімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.