World News in Kazakh
Сентябрь
2017

Новости за 28.09.2017

Казинформ 

Қаза тапқан үш кеншінің өліміне «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы кінәлі екендігі белгілі болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «Қазақстан» көмір департаменті шахтасында болған топтық қайғылы жағдай себептерін тексеру нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Түркістанда «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламасы талқыланды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қасиетті Меккеден оралған бір топ қажылармен кездесу өтті. Басқосуда  «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасындағы басым бағыттар мен дін және дәстүрдің сабақтастығы сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Омбы облысында Қазақстан мен Қытай тауар өндірушілер орталығы ашылады

УФА. ҚазАқпарат - Омбы облысында Қазақстан мен Қытай тауар өндірушілер орталығы ашылады. Бұл туралы ШЫҰ мен БРИКС қатысушы-елдері өңірлерінің III шағын бизнес форумының пленарлық отырысының қорытындысында Омбы облысының губернаторы Виктор Назаров мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Казинформ 

Павлодардағы колонияда киіз үй жасала бастады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев Павлодар колониясында жасап шығарылған киіз үйлерді сатуға көмектесуге уәде етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Ақтөбеде 12 жастағы қыздың бауыры ауыстырылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 12 жастағы қызға бауыр ауыстыру отасы жасалды. Отаны академик Жақсылық Досқалиев пен Оңтүстік Корея трансплантологі Кванг Вунг Ли және ақтөбелік хирургтер жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

«Шырайлы Шымкент» республикалық байқауы қорытындыланды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы күні мерекесі қарсаңында журналистер мен блогерлер арасында «Шырайлы Шымкент» атты республикалық байқау жарияланған болатын. Қала имиджін көтеруге шығармашылық қарымымен үлес қосқан БАҚ өкілдері арасындағы байқау өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Қазақстан мен Қырғызстан діни салада ынтымақтаса жұмыс істеуге уағдаласты


  АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қырғызстанға жұмыс сапары барысында Қырғызстан Республикасының Дін істері жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының директоры Зайырбек Эргешовпен кездесті. Екі елдің ведомство басшылары әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды.

Казинформ 

«Үздік мемлекеттік қызметші» атанған жас мамандарды шетелге демалысқа жіберу ұсынылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Үздік жас мемлекеттік қызметшінің шетелде тәжірибе жинақтағаны дұрыс. Бұл туралы Көкшетауда өткен «Халыққа қызмет - абыройлы міндет» атты жас мемлекеттік қызметшілер форумында аймақ басшысы Мəлік Мырзалин мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Кентауда бұқаралық велошеру өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Кентауда қала күніне орай велошеру өтті. Қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімі ұйымдастырған шараға 150 -ге жуық тұрғын қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Қазақстанда қаржылық қызметтердің серверлеріне DDoS-шабуылдар жасалды


АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі 2017 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстанның кейбір қаржылық сервистерінің серверлеріне DDoS-шабуылдар жасалғандығы, сондай-ақ олардың 28 қыркүйек күні қайталану қатері туралы ақпарат түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Қазақстан Тәуелсіздіктің үшінші мүшелін зор рухани жаңғырумен бастады - Нұрсұлтан Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қастерлі Тәуелсіздігінің үшінші мүшелін зор рухани жаңғырумен бастады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақтөбе қаласында өткен «Туған жер» республикалық форумына қатысушыларға жолдаған құттықтауында айтты. Хатты ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.  

Казинформ 

Грек-рим күресінен халықаралық турнирге қатысатын балуандарымыз анықталды


АСТАНА. ҚазАқпарат -Алматыда өтетін грек-рим күресінен КСРО-ның еңбек сіңірген бапкері Болат Тұрлыхановтың құрметіне арналған халықаралық турнирде ел намысын қорғайтын қазақстандық балуандар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды реттеудің жаңа қадамын ұсынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Ауғанстандағы жағдай бойынша ашық пікірталас өтті. Онда БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан мәселесі жөніндегі Арнаулы өкілі - БҰҰ Ауғанстанға көмек жөніндегі миссия басшысы Т. Ямамото аталмыш елдегі ахуал бойынша Бас хатшының баяндамасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

МӘМС: Балалар ата-аналар үшін ақша төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі кеңінен талқыланды. Сол жерде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жарналарды жеке есеп-шотта жинауға қатысты сұраққа жауап беріп, әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Біртанов МӘМС туралы: денсаулықты жекеменшік компанияда сақтандыруға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі кеңінен талқыланды. Сол жерде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жарналарды жеке есеп-шотта жинауға қатысты сұраққа жауап беріп, әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Өскеменде ауыл әкімдерінің тұңғыш республикалық форумы өтуде


ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде басталған ауыл әкімдерінің бірінші республикалық форумына Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарынан 500-ден астам ауыл әкімі қатысып жатыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады.

Казинформ 

Тұрсынбек Қабатовқа Астана әкімінің құрмет марапаты табысталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айтыскер ақын Аманжол Әлтаевқа, әзіл өнерінің жүйрігі Тұрсынбек Қабатовқа, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов пен Әлем барысы Айбек Нұғымаровқа Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің «Тіл тұғыры» құрмет марапаты табысталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Bilim-all 

Ақын болам

Ақын болам өскенде Әлі талай уақыт бар. Өлеңдерді жазамын, Өскен кезде әсерлі

Казинформ 

Дәрігерлердің жалақысы 10-15 пайызға көтеріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәліметіне сәйкес, бүгінде дәрігердің орташа жалақысы 120-130 мың теңгені құрайды. Министрлік емxаналардың жалақы саясатына араласа алмайды. Оны пациенттердің саны, қызмет сапасы және тағы басқа нарықтық факторлар анықтайды. Соған қарай бас дәрігерлер әрбір маманның жалақысын тағайындайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.