World News in Kazakh
Сентябрь
2017

Новости за 22.09.2017

Казинформ 

V Азия ойындары: Қазақстан бір күнде бес «алтын» иеленді


АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстанның Ашхабат қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындары жалғасуда. Жарыстың жетінші күнінде Қазақстан спортшылары тоғыз медаль еншіледі - бес алтын және төрт қола.

Казинформ 

Оралда жазушы Қажығали Мұхамбетқалиұлымен кездесу кеші өтті



ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қажығали Мұхамбетқалиұлымен «Сырымды қайта тірілткен...» атты кездесу кеші өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Қазақстан атынан «Оскарға» ұсынылатын кинокартина белгілі болды


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елімізде осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған кинематография саласындағы «Тұлпар» ұлттық киножүлдесін салтанатты тапсыру шарасында «Оскар» сыйлығына Қазақстан атынан ұсынылатын фильм жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   

Казинформ 

«Тұлпар» киножүлдесі: Ақан Сатаевтың «Аудандар» фильмі үздік деп танылды


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Тұлпар» Ұлттық киножүлдесінің жеңімпаздары анықталды. «Үздік фильм» номинациясын Ақан Сатаевтың «Аудандар» фильмі жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Ақтөбеде киік мүйізін тасымалдаған Өзбекстан азаматы ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде киік мүйізін тасымалдаған Өзбекстан азаматы ұсталды. «Браконьер» алдын алу шарасы кезінде заңсыз шаян тасымалдаушыларға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Польша сенаторы қазақстандық оқушыға алғыс айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польша Республикасының сенаторы Қазақстанның Польшадағы елшілігіне хат жолдап, қазақстандық оқушы Константин Красниковқа алғыс айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Казинформ 

Тоңазытқыштан денесі табылған егіз ұлдың әкесі балаларын не себепті өлтіргенін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы пәтерлердің бірінде тоңазытқыштан денесі табылған егіз ұлдың әкесі балаларын не себепті өлтіргенін айтты, деп хабарлайды «Дорожный патруль».

Казинформ 

ОҚО-ның тұрғыны полицейге күш көрсеткені үшін қамауға алынды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғындар мен полицейлер арасында дау шығып, тіпті төбелес болған. Нәтижесінде тәртіп сақшысына күш көрсеткен азамат қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Bilim-all 

Билл Гейтстің көшбасшылық сырлары

Билл Гейтс жастайынан компьютердің маңыздылығын және адамдардың өмірінде ойып орын алатындығын жақсы ұғына білген адам. Жақын досы Майкрософттың құрушы ортағы Паул Алленмен жиі пікір алмасып, осының салдарында келешекте әрбір адамның үйінде және жұмыс орнында өзіне тән компьютері болатындығын болжай алған.

Казинформ 

Астана процесінің өткен раунды қауіпсіздік мәселелеріне арналды - сарапшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бітімгерлік - заманауи Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі саналады, оның көмегімен мемлекет халықаралық шиеленісті жағдайларды реттеуге белсенді қатысып жатыр, деп атап өтті ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Қымбат Нұрғалиева. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады. 

Казинформ 

Қазақстанның терроризмге қарсы күрес орталығы ЭКСПО-2017 көрмесін қорытындылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қыркүйекте Астанада ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы күрес орталығының кезекті мәжілісін өткізді. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілетем жасап.

Казинформ 

Жамбыл облысында екі адамды өлтірген күдікті ұсталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Мойынқұм ауданының Ұланбел ауылында екі бірдей адам өлімі тіркеліп, қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облысы ІІД-інің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Нұрлан Ермекбаев жастарды діни фанатизмнен аулақ болуға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бүгін Ақтау қаласында тұғыш рет өткізіліп отырған Каспий жағалауы елдерінің бірінші Халықаралық жастар форумында жастарды дін фанаттары мен экстремистік ұйымдардан аулақ болуға шақырды. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Bilim-all 

Қымыздық және оның пайдасы

Қымыздық – қышқыл дәмі оның жапырақтарының құрамындағы қымыздық қышқылының калий тұзының әсерінен болады.

Казинформ 

Еліміздің көлік сақшылары Семей қаласында ресейлік әріптестерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Көліктегі ІІД Семей, Павлодар, Защита станцияларындағы ішкі істер желілік бөлімдерінің басшылары мен Ресей Федерациясы ІІМ Алтай желілік басқармасы өкілдерінің екі жақты жұмыс кездесуі болып өтті, деп хабарлайды Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Лондон метросындағы теракт: Бас күдіктіге айып тағылды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда 18 жастағы Ахмед Хасанға Лондонның «Парсонс-Грин» метро станциясында болған лаңкестік шабуылға байланысты айып тағылды. Бұл туралы жұма күні Лондон полициясы таратқан хабарламасында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Казинформ 

ОҚО-да 15 мыңнан аса тұрғын «Өрлеу» жобасының пайдасын көріп отыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» бағдарламасын іске асыру жұмыстары қарқын алды. Бір ғана Мақтарал ауданында биыл аталған жоба аясында республикалық бюджеттен 963 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 600 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығы ұйымдастырған пресс тур барысында Мақтарал ауданының әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

ОҚО-да заңсыз дәрілік шөп жинап жүрген 9 ауғандық ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында заңсыз дәрілік шөп жинап жүрген тағы 9 ауған азаматы ұсталды. Бұл туралы Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.