World News in Kazakh
Сентябрь
2017

Новости за 25.09.2017

Казинформ 

Мысыр пирамидасын тұрғызудың құпиясы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Америкалық археолог Марк Ленер басшылық еткен зерттеушілер тобы Хеопс пирамидасының  құрылысы барысы суреттелген ежелгі папирусты тапты.

Казинформ 

Brent маркалы мұнай бағасы 2015 жылғы шілдеден бері алғаш рет 59 доллардан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің фьючерсінің бағасы 4 пайызға көбейіп, барреліне 59,03 долларды құрады, деп хабарлайды БЕЛТА.

Казинформ 

26 қыркүйекте елдің басым бөлігінде күн ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат     -26 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыс және орталықта атмосфералық ағындардың  өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

Bilim-all 

Ата–анама хат

Менің ата анам менің жұмағым. Бесігімде әлдилеп, алақандарына аялады. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қатарынан қалмасын деп қолдағы барын аямады.

Казинформ 

Астанада жылу мерзімінен бұрын берілуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінен мәлім еткендей, қазіргі уақытта елордада энергия көздері, инженерлік желілер мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандары 2017/18 жылдарғы жылыту маусымын бастауға дайын. 

Казинформ 

Моңғолия қазақтары Қазақстанның латын қарпіне көшу қадамын қолдады

БЕЙЖІҢ-ҰЛАН-БАТЫР. ҚазАқпарат - Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі Ұлан-Батырда қазақ тілін латын графикасына негізделген әліпбиге көшіру мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Казинформ 

«Барыс» өз айдынында Санкт-Петербор хоккейшілерінен ойсырай ұтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті кездесуінде Астананың «Барысы» өз айдынында Санкт-Петербордың СКА командасын қабылдап, 1:4 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Астана маңында өткен шосседегі веложарыс жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Елорда маңындағы «Астана орманы» жасыл белдеуі аумағында ұлдар мен қыздар арасында шосседегі веложарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Bilim-all 

Тым балажандық

Ата-ананың ең үлкен уайымы, ең негізгі мақсаты баласын ең жақсы түрде жетілдіру болып табылады. Бірақ кейде жақсылық жасайын деп отырып зиян тигізуі де мүмкін. Бұған мысал ретінде «Кезінде біз көрмедік осылар көрсін, біз қиналдық осылар қиналмасын» деген көзқарастағы тым қорғаушыл, тым балажан, баланың сұрағанын дереу орындап, шектеу, қағида қоймай, баланы еркін жіберетін ата-аналарды атауға болады.

Казинформ 

Өскемендіктер V Азия ойындарының жеңімпазы Айбек Нұғымаровты қарсы алды


ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Астанада өткен «Әлем Барысы-2017» турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаровты қарсы алу үшін Өскемен әуежайына қалың жұрт жиналды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Архимед Мұхамбетов сенаторларға өңірдің жетістіктері мен проблемаларын баяндады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары өңірдегі өндіріс ошақтарын аралап, еңбеккерлермен кездесуді жоспарлауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Елбасы Ұзақбай Қарамановтың жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады


АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұзақбай Қарамановтың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Елбасы Назарбаев Университетінің ректорын қабылдады


АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсумен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

«Ақжайық» спорт клубы аукционда сатылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Ақжайық» спорт клубын республикалық және облыстық допты хоккей федерациясы бірігіп, 11 млн теңгеге сатып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Бензин бағасы қымбаттай ма

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов бензин бағасының алдағы уақытта қандай межеде болатындығы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

«ЖЭО-2» газға ауысса, Алматының ауасы 30 есеге тазарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік астанадағы «Алматы Жылуэлектр орталығының» табиғи газға өтуі ауаға таралатын зиянды заттардың мөлшерін 30 есе азайтады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында энергетикаминистрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Сәбит Нұрлыбаевмәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Салықтық жеңілдіктер болмаса проблема да болмайды - Мемлекеттік кірістер комитеті

АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазіргі уақытта талқыланып жатқан жаңа Салық кодексінде жекелеген азаматтар мен бизнеске жеңілдіктер қарастырылған. Бұл туралы бүгін  Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Батыс Қазақстанда балықшы суға кетті


ОРАЛ. ҚазАқпарат - 23 қыркүйек күні сағат 14.00 шамасында Ақжайық ауданы Жамбыл ауылы маңында балық аулап жүрген 1973 жылғы Орал қаласы тұрғынының Көшім өзеніне батып кеткені жөнінде мәлімет түскен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.