Алматы облысының әкімі Паралимпиада жүлдегеріне автокөлік тарту етті
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Риода өткен ХY Паралимпиадада күміс жүлдеге ие болған Раушан Қойшыбаеваға жеңіл автокөліктің кілтін табыстады. Сондай ақ 11 млн. 500 мың теңгенің сертификатын тапсырды. Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингтен 67 келі салмақ дәрежесінде 113 кг зілтемірді бағындырып, күміс жүлдеге ие болды.