Өскемен қаласында тұратын заңгер Нұрлан Әубәкіров Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевты сотқа берді. Сөзінше, ол мәселесін айтайын деп әкіммен кездесуге бірнеше рет талпынған, бірақ оны қабылдаудан "бас тартып келеді".
Әубәкіров әкімшілік сотқа арызды 2024 жылғы 24 желтоқсанда берген. Бұл туралы ол Азаттық тілшісіне 6 қаңтарда айтты.
– Былтыр 29 қарашада облыс әкіміне кіруге өтініш түсірдім. Жеке мәселемді айтқым келді. Ол, әкімдіктің ресми сайтында жазылғандай, азаматтарды белгілі бір күндері қабылдауы керек. Читать дальше...