World News in Kazakh
Март
2017

Новости за 06.03.2017

Казинформ 

Футболдан Ресей Премьер-лигасының президенті қазақтың шапанын киді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Ресей Премьер-лигасының президенті (ФРПЛ) Сергей Прядкин Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының (ҚКФЛ) шақыртуымен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Казинформ 

Абайсызда оқ тиген Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне қайта кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов бірнеше сағатқа жұмысына оралып, өз міндетіне біртіндеп кірісуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Казинформ 

Иран елшісі ОҚО-ның əлеуетімен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моджтаба Дамирчилумен кездесті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республиканың солтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күндіз аз ғана жауын-шашын күтіледі. Республикамыздың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасынмен  желдің күшеюі күтіледі.

Казинформ 

Франсуа Фийон сайлауға қатысудан бас тартпайтынын жария етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция президентіне үміткер Франсуа Фийон соңғы жанжалға қарамастан сайлауға қатысудан бас тартпайтынын жария етті. Оның айтуынша, маңызды шараға 50 күн қалғанда кері шешім қабылдау саяси дағдарыс тудыруы мүмкін, деп жазады «Хабар 24».

Bilim-all 

Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік

Тәуелсіздік! Иә, бұл кеудеңді көтере, мақтана айта алатын қасиетті ұғым. Жәй ғана ұғым емес, аса қадірлі ұғым. «Тәуелсіздік» дегенде әр адамның бойын мақтаныш кернейді. Менің бойымды осынау қасиетті ұғым жайлы сөз болғанда қуаныш пен қайғы, мақтаныш пен қасірет сезімі билейді.

Казинформ 

Головкин - Джейкобс жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 наурызда Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» кешенінде WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы, америкалық боксшы Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) арасында жекпе-жек өтеді. Отандасымыздың бұл жекпе-жегін «Қазақстан» ҰТА мен «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Казинформ 

Қазақстан мен Ауғанстан басшылары арадағы тауар айналымының артқанын атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Респбуликасының Президенті Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Казинформ 

Қарапайым жұмысшыдан бұрын кеңседе отырғандар жиі қысқартылады - «Болашақтың» түлегі Мамыраев

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның мемлекеттік-жекешелік орталығы» АҚ төрағасының орынбасары, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Ғалымбек Мамыраевтың ойынша, ел экономикасын жаңғырту шаралары аясында жұмысшы мамандықтардан бұрын кеңседе отырған қызметкерлерді қысқарту қаупі басым болып тұр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесін базалық мөлшерлемеге теңестірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 ақпанда ҚР Ұлттық банк басқармасының ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін және базалық мөлшерлемені конвергенциялау (яғни теңестіру) тетігі туралы қаулысы қабылданды. Бұл туралы ҰБ баспасөз қызметі хабарлады.

Казинформ 

Алматы облысының үздік спортшылары марапатталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған қаласында 2016 жылдың қорытындысы бойынша үздік спортшылар марапатталды. Өткен жылы облыс спортшылары түрлі дәрежедегі 1 300-ден астам жүлде иеленген. Марапаттау рәсімін облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Замбияда кедейлерге азық-түлік тарату кезінде сегіз адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Замбия астанасы Лусакедегі спорт кешенінің кіреберісінде жарлыларға азық-түлік тарату барысында орын алған кептелістен кем дегенде сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды Рейтер агенттігі полицияға сілтеме жасап.

Bilim-all 

Ардақты менің ұстазым!

Менің жүрегімнің бір бөлшегі, күніне алты сағат бойы жанымыздан табылар қамқоршымыз. Ешбір адам тең келмейтін, ешкім жете алмай жүрген биік шыңым. Сенің білімің бойымызға нәр беріп, азығымыз болады.

Казинформ 

Батысқазақстандық жас ғалым Президент қоры сыйлығының лауреаты атанып оралды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті машина жасау факультеті құрылыс және құрылыс материалдары кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Нұргүл Әділова Астанадан тұңғыш Президент қоры сыйлығының лауреаты атанып оралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Үкімет азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және су тасқынына дайындық мәселелерін талқылайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында Жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізеді. 

Казинформ 

ОҚО-да жылыжай көлемі 300 гектарға ұлғайтылмақ

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жылыжай көлемі 300 гектарға ұлғаяды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен селекторлық мәжілісте сөз болды. Жиында сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарына дайындық жұмыстары пысықталды. Шаруаларды арзандатылған жанар-жағармаймен қамтамасыз ету, несиелендіру шараларын тездету, кооперативтер құру, жылыжай көлемін арттыру, шегерткемен күрес мәселелері жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

ОҚО-да заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын көліктер көбейіп кеткен

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын көліктер көбейіп кеткен. «Автобус» алдын алу іс-шарасын өткізген өңірдің жергілікті полиция қызметкерлері осындай заңбұзушылыққа жол берген жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Bilim-all 

Сағадиевке қарсы ашық хат жазған академиктер қандай құжатқа қол қойғандарын білмейді - БҒМ

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Білім жəне ғылым министрлігінің өкілдері «Қазақ тілі» мен «Қазақ əдебиеті» пəндері жалпы жіктеуіштен алынбағанын ресми мəлімдеді. Білім вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, өткен сенбіден жексенбіге қараған түні министрліктің сайтына шабуыл жасалғанын, жіктеуіш құжаттың өзгергені туралы ақпараттың жалған екенін ресми мəлімдеді.

Bilim-all 

Бізге шетелден кибер-шабуыл жасалды - Білім министрлігі

Орталық коммуникациялар қызметіне келіп, журналистердің сұрағына жауап берген Білім жəне ғылым вице-министрі Эльмира Сухбанбердиева ведомствоның сайтына шетелден DDOS шабуылы жасалғанын мəлім етті.

Казинформ 

ОҚО-да құтқарушылар қар құрсауында қалған ауылдарға дәрігерлерді жеткізді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да құтқарушылар қар құрсауында қалған ауылдарға дәрігерлерді апарды. Науқастар тұратын  ауылдарға жолдар жабылып, жедел-жәрдем көлігі жете алмай қалған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.