World News in Kazakh
Март
2017

Новости за 11.03.2017

Казинформ 

Головкиннің промоутері оған қарсы тұратын спортшы іздеп жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер өзінің тәлімгерінің америкалық Дэниэл Джейкобсты (32-1, 29 КО) жеңген жағдайды одан әрі өздерінің қалай әрекет ететіндіктері жөніндегі ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz Dailynews.com.сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

Алматыдағы ең қауіпті жол бөлігі анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бойынша жол-көлік оқиғаларының ең көбі Алматыда болып жатады. Мұндай мәліметтерді ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің баспасөз қызметі жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Шымкенттік жастар науқас қызды қолдап, қайырымдылық кешін өткізді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік жастар науқас қызға қолдау ретінде қайырымдылық кешін ұйымдастырды. Жастар орталығында өткен шара Жәмила Байсерікованың еміне азды-көпті үлес қосу үшін ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Димаш Құдайберген «Сакура фестивалі» концертіне қатысты

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Димаш Құдайберген ҚХР Хунань провинциясының Чанша қаласында өткен «Сакура фестивалінің» ашылу салтанатына арналған кешкі концертке қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің Қытайдағы меншікті тілшісі.

Казинформ 

Барыс VS Металлург: қарсыласқа тағы бір ұпайды беріп қойдық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Құрлықтық xоккей лигасының кезекті ширек финалдық матчтары өтті. Астаналық «Барыс» клубы сырт алаңда «Металлург» командасымен кездесті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Димаш Құдайберген «Singer» байқауының сегізінші кезеңінде өнер көрсетті

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетіп жатқан қытайлық «Singer 2017» ән байқауының сегізінші кезеңі эфирден көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қарағандыдағы мүгедек жандарға арналған басылымның таралымы ұлғаяды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мүгедек жандарға арналған басылымды шығарып отырған мүмкіндікгі шектеулі азаматтар Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен газеттің таралымын ұлғайтуды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Қостанай стансасы ЖІІД бастығының бұрынғы орынбасары пара беруде делдалдық жасағанын мойындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шыңғыс Батталов өзінің бастығы үшін «Казақстан темір жолы» ҰК» АҚ бөлімшесінің инженерінен пара алып, сыбайлас жемқорлық жасағанын мойындады. Қостанай стансасы желілік ішкі істер бөліміндегі (ЖІІБ) жемқорлық туралы іс сотқа келіп түсті. Қостанай стансасы ЖІІБ бастығының бұрынғы орынбасары Шыңғыс Батталов пара беруде делдалдық жасағаны үшін айыпталуда, деп хабарлайды «Наш Костанай» порталы. 

Казинформ 

Елордада бірқатар көше тұрғындары сусыз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада диметрі 1000 милиметрлік магистралды су құбыры тесіліп, бірқатар көше тұрғыны сусыз қалды. Бұл жайында Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Казинформ 

ОҚО-да жаңадан 100 кооператив құрылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда жаңадан 100 кооператив құрылады. Оған 12,5 млрд. теңге қаржы бөлу көзделуде. Аталған соманың 3,2 млрд. теңгесі тұрғындарды жұмыспен қамтуға жұмсалмақ. «Қазагроном» өндірістік жылыжай кешенінде болған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осылай деді. Шаруалардың басын қосқан жиында аймақ басшысы кооператив құрудың тиімділігін айтып, ұсақ шаруа қожалықтарының бірігуіне кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Қазақстанда көктемгі құс атуға шектеу енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда көктемгі мезгілді жабайы құстардың әр түрін тәуліктік атып алу мөлшерін бір аңшыға бес қанаттыға дейін шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Қызылорда күл-қоқыстан тазартылуда

 ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Бүгін облыс және барлық аудан орталықтарында, елді мекендерде тазалық айлығы басталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Күзде қапшағайлықтарға көгілдір отын келеді

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Қазір Қапшағай қаласының басшылығы шаһарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында арнайы кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қазақстан спортының ардагерлері марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына орай қазақстандық олимпиадалық қозғалыс ардагерлерінің қатысуымен салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Қазақстандықтардың Димашқа берген дауыстары оның рейтингіне әсер етпейді

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандағы Facebook және Whatsapp әлеуметтік желілері арқылы Қытай байқауында өнер көрсетіп жатқан Димашқа дауыс беру туралы хабарламалар таратылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Әділет министрлігі алимент өндіріп алатын сот орындаушыларына ақыны арттырмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігі жеке сот орындаушыларына алимент және жалақыны өндіріп алу бойынша қызметтеріне ақы көлемін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.