World News in Kazakh
Март
2017

Новости за 22.03.2017

Казинформ 

«Алтайлық» волейболшы қыздар чемпиондық атаққа жақындап келеді


АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында өтіп жатқан әйелдердің ұлттық лига командалары арасындағы ел біріншілігінің қорытынды турында жергілікті «Алтай» клубы кезекті ойынында өзінің басты қарсыласы Павлодардың «Иртыш-Казхром» командасын 3:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Теннис: Шведова Майами турнирінің екінші айналымына шықты


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Ярослава Шведова Майами (АҚШ) турнирінің бірінші айналымында кезінде әлемдік рейтингте көш бастаған сербиялық белгілі теннисші Елена Янковичпен кездесіп, 4:6, 6:4, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігі қазақстандықтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Елшілігі Лондонда болған лаңкестік актілеріне байланысты осы елде жүрген қазақстандық азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Bilim-all 

Асыл әжелердің үлгі өнегесі

Әйел - әлемнің ажырамас бөлігі. Әйел - адамзаттың анасы. Әйел - тіршіліктің бастау бұлағы. Әйел-бақа басты еркектің қосағы. Әйел - отбасының өзегі. Әйел-шаңырақтың шамшырағы. Әйел-Тәңір-Тағаланың мейірімінің сынығы. Әйел-нәзіктіктің қас үлгісі.

Казинформ 

Ресейде 1 сәуірден бастап арақ қымбаттауы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Қаржы министрлігі 1 сәуірден бастап арақтың бөлшек сауда бағасын көтеру жөнінде өкім жіберген.Ол бойынша жарты литр арақтың бағасы 219 рубльден  жоғары болады, деп хабарлайды "Утро.ру".

Казинформ 

Футзалдан Еуропа чемпионатына дайындық басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Жозе Алесио Да Силва 2018 жылы Словенияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын жігіттердің тізімін жариялады.

Казинформ 

Тәжікстанда қуаты 5,3 балдық жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасы желісінің хабарлауынша, 2017 жылғы 22 наурыз 17 сағ. 27 мин. 15 сек. жер сілкінісі орын алды.

Казинформ 

Сондерс Головкинді тығырыққа тіреуден дәмелі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің келесі қарсыластарының бірі болуы ықтимал орта салмақтағы WBO титулының иегері британдық Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) GGG пен Дэниел Джейкобстың өткендегі жекпе-жегіне орай қорытынды жасағысы да келмейді.

Казинформ 

Оңдасын Оразалин Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Елбасының Жарлығымен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. 

Казинформ 

Брюссельде бір жыл бұрынғы теракті құрбандарын еске алды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат -2016 жылдың 22 наурызында Брюссельде 32 адамның өмірін қиған лаңкестік актіге бір жыл толуына арналған азалы шаралар өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Казинформ 

Шарипова төртінші жекпе-жегінен соң әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Кәсіби бокстағы тұңғыш  қазақстандық қыз Фируза Шарипова беделді BoxRec порталының тұжырымы бойынша әлемдік рейтингте едәуір жоғары көтерілді, деп хабарлайды AllFight.Ru.

Казинформ 

Мұз үстінде қалған 100-ге жуық балықшы құтқарылды

АСТАНА.ҚазАқпарат - РФ Свердлов облысындағы Белоярск  су қоймасында бөлініп кеткен мұз үстінде қалған балықшыларды эвакуациялау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ТЖМ Мемлекеттік басқармасы.  

Казинформ 

Ақтөбеде көкпар ұлттық ойыны кенже дамыған

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік оқушылар №10 ат спорты түрлері бойынша облыстық балалар және жасөспірімдер мектебінде жаттығады. Өңірдегі жалғыз мектеп әзірге көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату мен күрес, тоғызқұмалақ үйірмелерін ашып қойды.

Казинформ 

Балалар үйіндегі бүлдіршіндер Наурызды тойлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда қала орталығындағы киіз үйлердің дастархандары ұлттық тағамдарға толып, қала тұрғындары, соның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілері де ұлттық тағамдардан дәм татты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Алмазбек Атамбаев нағашы ата атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы дүниеге сәби әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

«Барыстың» бұрынғы бапкері Рыспаевты Овечкинмен салыстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нефтехимик» хоккей клубының бас бапкері, астаналық «Барыс» клубында Дамир Рыспаевпен танысқан Андрей Назаров Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіндегі «Номад» пен «Алматы» матчында болған оқиғаға байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.