World News in Kazakh
Август
2018

Новости за 05.08.2018

Казинформ 

Дүйсенбіде Қазақстанда ауа райы жауын-шашынды болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 тамызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Футболдан ел біріншілігі: «Қайрат» Қарағандыда «Шахтермен» тең түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-турында Қарағандыда жергілікті «Шахтер» мен Алматының «Қайрат» командалары арасындағы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Футбол: «Тобыл» мен «Ордабасы» тең ойнады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Ордабасыны» 
қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Астанада заманауи балет бағытындағы бірегей спектакльдің тұсауы кесілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Central Asian dance festival» аясында Қазақ Ұлттық хореография академиясының ұйымдастыруымен «Falling Man» атты қойылымның тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

Вашингтон Ресейдің уақытша өкілін шақыртты

АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресейдің осы елдегі істердегі уақытша сенім жүктелген өкілі Дмитрий Жирновты АҚШ-тың ішкі шаруаларына Ресейдің ықтимал араласуы туралы іс бойынша шақыртқан. Бұл туралы тамыздың 5-і күні Мемлекеттік департаменттің өкілі Хизер Нойерт хабарлаған. Нойерттің сөзінше, Мемлекеттік департамент "Кремльдің әлеуметтік желідегі тіркеу жазбаларын зорлық-зомбылықты насихаттауға және АҚШ-тың ішінде жік салуға пайдалану әрекеттері туралы" түсініктеме алғысы келеді. Бұған дейін... Читать дальше...

Казинформ 

Түркістан облысындағы петроглифтерге күтім қажет

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Созақ ауданы тарихи-мәдени ескерткіштерге тұнып тұр. Абай ауылы маңындағы Арпа өзенінің бойында қола, сақ дәуіріне тән 3,5 мыңға жуық петроглиф сақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz сілтеме жасап.

Казинформ 

Астанада Түркi кеңесiнің Туризм министрлерi бас қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркi кеңесi Туризм министрлерiнiң төртiншi кездесуi 8 тамызда Астана қаласында «Хилтон Экспо» қонақ үйінде басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Егемен Қазақстан» газетіне сілтеме жасап.

Azattyq.org 

Швейцарияда ұшақ апатынан 20 адам мерт болды

Швейцарияда Альпі тауына құлаған ұшақ апатынан 20 адам - 17 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі опат болған. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады. Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында құрастырылған Junkers-52 винтті ұшағы радардан сенбі күні жоғалып кеткен. Коллекциялық ұшаққа иелік ететін JU-Air әуе компаниясы онымен Альпі тауларының үстімен экскурсиялық сапар жасап отыратын. Компания ұшуды уақытша тоқтатқаны туралы мәлімдеді. Апаттың себебі анықталып жатыр. Әзірше белгілісі – ұшақ 2500 метр биіктікте тауға соғылған. Читать дальше...

Казинформ 

Футболдан ел біріншілігі: «Қызылжар» «Ертістен» басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 5 тамызда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-тур ойындары өткізіліп жатыр. Петропавлда «Қызылжар» Павлодардың «Ертіс» командасынан 1:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған танымал тұлғалар салт атпен Жетісуды аралады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Алакөл ауданында елімізде тұңғыш рет ұзақ қашықтыққа салт аттылар серуені ұйымдастырылды. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Қазмұнайгаз» АҚ басқарма кеңесінің төрағасы Сауат Мыңбаев, өңір басшылары мен елге танымал спортшылар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

Иранда билікке наразылық шерулері жалғасты

Иранда тамыздың басынан бері үкіметке қарсы шерулер өтіп жатыр. Наразылық акциясы тамыздың 4-і күні де жалғасты. Көшеге шыққан наразылар Иранның жоғары рухани басшысы аятолла Әли Хаменеиді меңзеп: "Диктаторға өлім келсін!" деп айғайлаған. Ирандағы наразылықтар туралы видеолар әлеуметтік желілер арқылы тарап жатыр.

Azattyq.org 

Ай Вэйвэйдің Пекиндегі шеберханасын бұзды

Қытайдың құқық қорғаушыларына қолдау білдіріп, билігін сынайтын диссидент суретші Ай Вэйвэйдің Пекиндегі шеберханасын сүріп тастаған. Суретші өзі жұмыс істеген ғимаратты ескертпестен бұзып тастағанын айтады. Ай Вэйвэйдің шеберханасы он жылдан астам уақыт жұмыс істеп келген. Билік оны жалдау туралы келісімнің мерзімі аяқталған дейді. Шілденің соңында осы аудандағы бірнеше басқа галерея өздерін шығарғалы жатқандарын, ал сол төңіректі өзгерту жоспарланып отырғаны туралы хабарлаған. Ай Вэйвэйдің есімі әлемнің көптеген еліне танымал. Читать дальше...