World News in Kazakh
Август
2018

Новости за 21.08.2018

Казинформ 

Елімізде сауыншылар мен малшыларды роботтар алмастыруда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ордабасыдағы тауарлы сүт фермасы роботтық технологияны өндіріске енгізді. Бастапқыда сауыншыны құлтемір алмастырған, енді сиырлардың жем-шөбін де робот реттейді. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Казинформ 

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан топтық кезеңнен шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 21 тамызда Алматыда өтіп жатқан футзалдан студенттер арасындағы әлем біріншілігінің топтық кезеңінің жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі wucfutsal2018.com сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

Қазалыда ауыл тұрғыны тұшпара шығаратын цех ашты

ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылының тұрғыны Бақытгүл Айнияз «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы 500 мың теңге мемлекеттік грант алып, тұшпара шығаратын цех ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

Имамдар қатысқан жаттығу

Өзбекстанда Самарқанда өткен қауіпсіздік күштерінің жаттығуына имамдар да қатысқан. Жаппай тәртіпсіздіктің алдын бөгеу бойынша өткен машықтануДа мешіт имамдары "наразылыққа шыққандарды" тыныштандыруға шақырған. Жаттығу 12 тамызда және 20 тамызда өткізілген. Азаттықтың Өзбек қызметінің видеосы.

Azattyq.org 

Ресей Түркияға С-400 қаруын 2019 жылы жеткізбек

Ресейдің мемлекеттік "Рособоронэкспорт" қару тасымалдаушы компаниясы Түркияға 2019 жылдан бастап С-400 зенитті ракеталық кешенін жеткізетінін мәлімдеді. 21 тамызда компания бұдан былай қаруды доллармен сатуды да доғаратынын айтты.  Бұл мәлімдеме Вашингтон мен Анкара арасының нашарлап кеткен сәтіне сәйкес келді. АҚШ Түркияның Ресейден С-400 қаруын сатып алу әрекетіне алаңдайды.  Америка "НАТО құрамына кіретін Түркия аумағында ресейлік қарудың кең тарауы Анкара қолданатын АҚШ-тың кейбір әскери қаруына... Читать дальше...

Казинформ 

Атырауда үш жүз отбасыға құрбан малының еті таратылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау халқы қасиетті Құрбан айт мерекесін кең көлемде атап өтуде. Жергілікті уақытпен 7.30-да облысқа қарасты барлық мешіттерде айт намазы оқылып, оның соңы мерекелік шараларға ұласты. Сондай-ақ, үш жүз отбасыға құрбан малының еті таратылды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Талдықорғанның имамдары шапандарын шешіп, жүгіріп жарысты


ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  Бүгін Талдықорғанда тұңғыш рет мешітке жиналған жамағат арасында марафоннан жарыс ұйымдастырылып, шараға имамдар да қатысты. Талдықорған өңірі бойынша өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлы бастаған 150-ден астам тұрғын қала көшелерімен 4 шақырымдай жерді жүгіріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

Балуан Кебіспаев-Азия ойындарының күміс жүлдегері

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық балуан Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен 67 келіде күміс жүлде иеленді Ол финалда Инчхондағы Азия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы Оңтүстік Корея балуаны Рю Хан Сумен кездесіп, 4:5 есебімен жеңілді. Кебіспаев жартылай финалда Иран балуаны Мохаммед Реза Жераиден басым түсті. Ал Мохаммед Реза ширек финалда Өзбекстан құрамасындағы этникалық қазақ Елмұрат Тасмұратовты жеңді.  Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар... Читать дальше...