World News in Kazakh
Август
2018

Новости за 12.08.2018

Казинформ 

Жылыой ауданының жастары боксшы Қанат Исламмен кездесті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудың  Жылыой ауданына  жастар күніне орай,  кәсіпқой боксшы, Олимпиада ойындарының және әлем чемпионаттарының жүлдегері Қанат Ислам келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Бүгін республиканың кей жерлерінде құбылмалы ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттальдық бөліктердің өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде құбылмалы ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман  күтіледі.

Azattyq.org 

Сарапшы: "Назарбаевқа теңіз түбіндегі қор маңыздырақ"

Тамыздың 12-сі күні Ақтаудағы саммитте бес ел басшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойғанымен, олардың арасында келісімді ратификациялауға қатысты күдік білдіргендер де болды. Азаттық кездесу қорытындысы туралы Ақтауға келген RFE/RL сарапшысы Брюс Панниермен сұхбаттасты.

Казинформ 

ҚПЛ: «Қайрат» пен «Астана» арасын үш ұпай ғана бөліп тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 12 тамызда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы  ел біріншілігінің екінші айналымы мәресіне жетіп, еліміздің үш қаласында 22-тур ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

5 елдің президенттері бекіре тұқымдас балықтарды табиғи ортаға жіберу шарасына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бекіре тұқымдас балықтарды табиғи ортаға жіберу шарасына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Казинформ 

Ақтау саммиті: Ресей мен Иран президенттері ұлттық мүдде туралы пікір білдірді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтау саммитінде бес елдің мүдделері ескерілді. Бұндай пікірді Ресей Президенті Владимир Путин мен Иран Президенті Хасан Рухани айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Кішкентай теннисшілер Қазақстан кубогынан 15 мың доллар табыс тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 12 жасқа дейінгі балалар арасында Қазақстан кубогының командалық додасы қорытындыланды. Үшінші рет өткізіліп отырған турнирдің аясы биыл біршама кеңейіп, 14 облыстан 18 команда қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат SPORTINFORM-ға сілтеме жасап.

Казинформ 

Каспий маңы мемлекеттерінің алтыншы саммиті Түрікменстанда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий маңы мемлекеттерінің алтыншы саммитін Түркіменстанда өткізу ұсынылды. Бұл ұсынысты Ақтау саммитінде Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Бесінші Каспий саммитінің қорытындысы: президенттер қандай келісімге келді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Каспий маңы мемлекеттері басшыларының қатысуымен өткен бесінші Ақтау саммитінің коммюникесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап. 

Казинформ 

Ақмолада республикалық білім лагерінің бірінші ауысымы ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының «Зерен» сауықтыру орталығының базасында «Зерен» республикалық жастар білім лагерінің «Digital-ұрпақ» атты бірінші ауысымының ресми ашылуы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Елбасы Ақтау саммитіндегі қорытынды құжаттың маңызын түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммитінен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның маңыздылығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Bilim-all 

Гипотиреоз

Гипотиреоз — қалқанша бездің қызметінің төмендеуі салдарынан қанда тиреоидтық гормондар жеткіліксіздігінен туындайтын клиникалық синдромдар.