World News in Kazakh
Август
2018

Новости за 11.08.2018

Казинформ 

Жексенбіде елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, солтүстікте жекелеген аудандарда найзағай ойнап, дауыл соғып, нөсер жаңбыр жауады. Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Казинформ 

ҚПЛ: «Ақтөбе» үздік үштікке жақындай түсті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін, 11 тамызда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде 22-тур ойындары өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Казинформ 

16 тамызда елорда прокуратурасының басшылығы азаматтарды жеке қабылдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының прокуратурасы «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мен әкімдікпен бірлесе отырып, азаматтарды жеке қабылдайды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Алапат орман өрті: Лос-Анджелес маңынан 20 мың тұрғын эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатында алапат орман өрті болып жатыр. Лос-Анджелес қаласының оңтүстік бетінде болып жатқан табиғат апатының салдарынан 20 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тілсіз жау қазірдің өзінде 13 үйді жалмап үлгерген, деп хабарлайды ТАСС Associated Press-ке сілтемемен.

Azattyq.org 

Құрық порты

Бүгін Ақтау қаласынан 100 километр қашықтықта орналасқан Құрық портының екінші кезеңінің тұсаукесері өтті. Құрық портындағы жаңа кешен арқылы Өзбекстанмен шекара маңындағы Тәжен кеден бекеті мен Қорғас бекетінен тасымалданатын жүк-тауарлар өтеді. 32 миллиард теңге жұмсалған Құрық портының алғашқы кезеңі 2016 жылы желтоқсанда іске қосылған.

Казинформ 

Каспий маңы елдерінің СІМ басшылары Ақтау саммитіне дайындық жұмыстарын талқылады

АҚТАУ. ҚазАқпрат - Ақтау қаласында Y Каспий саммитінің қарсаңында қазақстандық тараптың төрағалығымен Каспий маңындағы мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Казинформ 

Қарағандыда Бұқар жыраудың 350 жылдығына арналған көрме-байқау өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда Достық үйінде бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі ашылды. Ол танымал жыршы, мемлекет қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Azattyq.org 

Құрық порты құрылысының екінші кезеңі аяқталды

Каспий саммиті қарсаңында Құрық портында "мультимодальды транспорттық хаб" ретінде аталып жүрген жаңа паром кешені таныстырылды. Кешеннің тұсаукесері президентке шексіз алғыс айту мен ризашылық сезім білдіру “рәсімімен” жалғасты.

Казинформ 

Қызылордалық ғалымдар жоғары өнімді қауын сортын шығармақ

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары кезіндегі «Күләбі» қауыны секілді жоғары сортты қауын өсіріп шығаруға ден қойып отыр. Мамандардың айтуынша, 1 гектардан 50-60 тоннаға дейін өнім алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

Сайрагүл ісі Астана мен Пекиннің қарым-қатынасына әсер ете ме?

Батыс баспасөзі осы аптада Қытай азаматы, этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың ісі мен Шыңжаңдағы жағдайдың Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа ықтимал әсерін талдаған. Бұған қоса, әлемнің аса ірі мұнай корпорациялары мұқият бақылап отырған ертең басталатын Каспий саммиті туралы да жазған.

Казинформ 

«Ұлы Дала рухы» фестивалі аясында теңге ілу мен жамбы атудан іріктеу сыны өтті


АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Қазанат» атшабарында ШҚО спортшыларының «Ұлы Дала рухы» фестивалі аясындағы жамбы ату мен теңге ілу бойынша іріктеу сындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

«Астана» ВТБ-Лиганың бірінші турында ЦСКА-мен ойнайды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Баскетболдан ВТБ-Лиганың жаңа маусым кестесі жарияланды. Оған сәйкес, «Астана» турнирді былтырғы жеңімпаз Мәскеудің ЦСКА-сына қарсы ойынмен бастайды, деп хабарлайды SPORTINFORM.  

Казинформ 

Астаналық дəрігерлер Зеренді халқына медициналық көмек көрсетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығынан келген бір топ дəрігер Ақмола облысының Зеренді аудандық емханасында жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.