World News in Kazakh
Март
2017

Новости за 13.03.2017

Казинформ 

Наурыз мейрамында Өзбекстан президенті Астанада болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22-23 наурызда Астанада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев сапармен болады. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Том Леффлер: Егер Джейкобс Головкинді жеңсе, бокс шыңына шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер Fightnews.com порталына берген сұхбатында алдағы GGG мен Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) кездесуі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Казинформ 

Мұз ойылып, он жасар мектеп оқушысы суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Ленинск-Кузнецкийде Кузбасс полициясының қызметкерлері жексенбі күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған мектеп оқушысын іздеуде, деп хабарлады ІІМ облыстық басқармасының баспасөз қызметі.

Казинформ 

Отандық агроөнеркәсіп кешенін дамыту - саланы әртараптандыру және оған ғылымды тартуға байланысты - Жандос Қарынбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы - мемлекеттің дамуына серпін беретін бағыттардың бірі. Саланы әртараптандыру қолға алынып, ғылыми орта мен кәсіпкерлердің бірлескен жұмысы пайдалы бағытта жүргізілсе отандық агроөнеркәсіп кешені дамиды, - дейді Варшава университетінің Саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар кафедарасының докторанты Жандос Қарынбаев Елбасының биылғы Жолдауы жөнінде.

Казинформ 

Қазақстан 2018 жылдың қаңтарында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалығының датасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Автобус шатқалға құлап, 15 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Перуандық Анд орталығында автобус шатқалға құлап, кемі 15 адам қаза тапты. Бұл туралы жексенбіде жергілікті билікке сілтеме жасап Agence France-Presse (AFP) хабарлады.

Казинформ 

«Марко Полоның Жібек жолы» фильмі Миланда көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19-26 наурыз күндері Милан қаласында Африка, Азия, Латын Америкасы фильмдерінің 27-ші фестивалі өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты.

Казинформ 

Қазақстан жауынгерлері БҰҰ-ның ең қауіпсіз миссияларына жіберіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қазақстандық жауынгерлерді жіберу үшін БҰҰ-ның ең қауіпсіз миссияларын таңдауға уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Қазақстан мен Өзбекстанның Қауіпсіздік кеңестері көптеген сала бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасында кеңейтілген консультациялар өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Казинформ 

Қазақ баласы «Зенит» сапында халықаралық турнирде доп тебеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың жас футболшысы Еркебұлан Сейдахмет Ресейдің «Зенит» жастар футбол клубы сапында Италияда өтетін «Viareggio Cup» халықаралық турнирінде доп тебеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Бағдат Мусин Бас прокурордың бастамасына сын айтқандарға жауап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы  Бағдат Мусин ведомствоның жаңадан тағайындалған прокурорлардан атқарған жұмыстарының бейне есебін талап ету бастамасына сын айтқандарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Қазақстандық мамандар шетелдік кадрлармен бірдей жалақы ала алады - Ермек Күзенбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде мұнай-газ саласы бойынша білім алған колледж түлектері үшін бірден жұмысқа тұру оңай емес. Себебі оқу аяқталғанша осы саладағы технологиялар жаңарып, жұмыс беруші компаниялардың талаптары өзгеріп отырады. Ал оларды қайтара оқытудың салдарынан уақыт та, ақша да зая кетеді. Міне, осы мәселеге байланысты елімізде әлемдік деңгейдегі колледждерді құру міндеті қойылды. Негізгі мақсат - білім мен өндірісті алшақтатпай, сапалы кадр даярлау. Сөйтіп, мұнай-газ саласындағы шетелдік... Читать дальше...

Казинформ 

Бұрынғы қазақстандық Ресейдің ірі көпір құрылысы компаниясына басшы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Новосібір облысының бұрынғы көлік министрі Сергей Титов «Сибмост» АҚ басшысы болып тағайындалды. Ол өңірлік үкіметтен кетіп, бір күннен соң жаңа міндеттеріне кірісіп кетті, деп хабарлайды sibkray.ru.

Казинформ 

Қазақстанның шет мемлекеттерге көрсеткен гуманитарлық көмегі 10 млрд. теңгеден асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Қазақстан тарапынан шет мемлекеттерге жасалған гуманитарлық көмектің сомасын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Ғаламторда Елбасының сөйлеген сөздерін қамтитын кітап жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің дербес парақшасына Елбасының сөйлеген сөздерін қамтитын «Темірқазық» атты кітап жүктелді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің Фейсбуктағы парақшасында хабарланды.

Казинформ 

ҚР Ұлттық банкі Халық банк пен Казкоммерцбанк арасындағы мәмілеге қатысты түсініктеме берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков «Қазақстан Халық банкі» АҚ-тың «Казкоммерцбанк» АҚ-тың акциялар пакетін сатып алуы бойынша әлеуетті мәмілесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі.

Казинформ 

Ауғанстанда тербелісі 4.8 жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 13 наурызда Алматы уақытымен 08 сағат 07 минут 25 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Казинформ 

Балуан қыздарымыз Түркияда 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен күрестен 45-ші «Яшар Догу» Халықаралық турнирінде балуан қыздарымыз 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Аргентинада рок-концертте екі адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинаның Олаваррия қаласында ашық аспан астындағы үлкен рок-концерт кезінде көрермендердің көптігінен екі адам көпшіліктің аяқ астында қалып көз жұмып, 10-нан астам адам жараланды.