World News in Kazakh
Август
2017

Новости за 06.08.2017

Казинформ 

Финдер ауадан тамақ жасай бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Фин ғалымдары ауадан алынатын су мен көмірқышқылды азық болатын ақуыз түйіршіктеріне айналдыратын құрылғы ойлап тапты. Ерекше құрылғыны ойлап табушылар бұл жер бетіндегі ашаршылықпен күресуге көмегін тигізеді деп есептейді. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ жазады.

Казинформ 

Бір тәулік ішінде 11 адам суға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір тәулік ішінде тыйым салынған жерлерде еліміз бойынша 11 адам суға кетті, тағы бір адамды құтқарушылар іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК ресми өкіліне сілтеме жасап.

Казинформ 

Amazon-да Трамптың жазбалары бар дәретхана қағазы сатыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интернет пайдаланушылары ірі Amazon сауда алаңына АҚШ Президенті Дональд Трамптың Туиттердегі жазбалары бар дәретхана қағазының орамасын сатуға қойғанына назар аударды.

Казинформ 

Лондон Еуроодаққа Brexit үшін 40 млрд төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық үкіметте жоғары лауазымды шенеуніктер одақтан шығуына байланысты өздерінің қаржы міндеттемелерін жабуы үшін Еуроодаққа 40 миллиард еуро төлейді, деп хабарлады The Telegraph газеті. Басылым мұндай шешім Лондонда келіспеушілік тудыруы мүмкін деп қауіптенуде.

Казинформ 

Жастар қозғалысы қарттар мен ерекше күтімді қажет ететін балаларды ЭКСПО көрмесіне апарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде ғаламтор желісінде «Астананың ақкөңілділер клубы» деген атаумен танылған қайырымдылық қозғалысының мүшелері қарттар үйінің тұрғындары мен ерекше күтімді қажет ететін балаларды ЭКСПО көрмесіне апарып, экскурсия өткізді,деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Казинформ 

Италия солтүстігінде көшкін салдарынан пойыз рельстен шығып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нөсер жауын, бұршақ салдарынан көшкін жүріп, Италияның солтүстік-шығысында рельстен пойыздың шығып кетті, оның ішіндегі 80 жолаушыға көмек қажет болды. Бұл туралы АНСА агенттігі хабарлады.

Казинформ 

Әлемнің әйгілі ардагер футболшыларына «Қазақстанда жасалған» сағаттар тарту етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өткізіліп жатқан «EXPO 2017 Football Cup» турнирінде әлемдік деңгейде атағы шыққан 4 футболшыға Қазақстанда жасалған сағаттар табысталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Нью-Йорк полицейі Димаш Ниязов қазақстандық фильмге түсіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі шоумен, «Түнгі студия» бағдарламасының жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев Инстаграм парақшасында Нью-Йорк қаласының ең үздік полиция қызметкері Димаш Ниязов «Бизнес по-казаxски в Америке» фильміне түсіп жатқанын жария етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Кейкі батырдың бас сүйегін жерлеу рәсімі қыркүйекте жүргізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кейкі батыр кесенесінің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы бүгін елордадағы «Сәтті» мейрамханасында Қостанай мен Торғай өңірінен шыққан белгілі азаматтардың басын қосқан кездесуде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Қостанайда Жәнібек тарханның ескерткіші ашылады

 АСТАНА. ҚазАқпарат -Тамыз айының ішінде Қостанайда Жәнібек тарханның ескерткіші ашылады. Бұл туралы бүгін елордадағы «Сәтті» мейрамханасында Қостанай мен Торғай өңірінен шыққан белгілі азаматтардың басын қосқан кездесуде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Балқаш көлінде екі жасөспірім құтқарылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды құтқарушылары үрленген қайықпен жағалаудан ұзап кеткен екі жасөспірімді құтқарды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Аты аңызға айналған әлемдік футболшылар қазақстандық балаларға шеберлік сабағын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында өткізіліп жатқан «EXPO 2017 Football Cup» турнирінде әлемнің үздік футболшылары 300-ге жуық қазақстандық балаларға арнап шеберлік сабағын өткізіп, алаңда доп тебудің қыр-сырын үйретті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.