World News in Kazakh
Август
2017

Новости за 22.08.2017

Казинформ 

Мұнайдың әлемдегі бағасы өсе түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Иорктағы электронды сауда кезінде мұнайдың әлемдік бағасы өсе түсті. Бұған электронды саудадағы көрсеткіштер дәлел, деп хабарлады Gazeta.ru.

Казинформ 

Мәскеуде мас қыз 9-шы қабаттан құлап, аман қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей астанасында ішімдікке сылқия тойған мектеп оқушысы 9 қабаттың терезесінен құлап, аман қалды. Оның тек қабырғасы ғана сынған, деп хабарлады бүгін lenta.ru. 

Казинформ 

Тағы бір қазақстандық палуан әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күнінде тағы бір қазақстандық палуан Мейрамбек Айнағұлов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 

Казинформ 

Табиғат ғажайыбы: Атакама шөлі гүл бағына айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чили тұрғындары ең сирек кездесетін табиғат құбылысын түсіріп алды: ғаламшарымыздағы ең құрғақ жер болып саналатын елдің солтүстігіндегі Атакама шөлінде гүл өсіп шықты. 

Казинформ 

Ұлттық банк елдегі инфляцияға қатысты болжам жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлттық банкі жылына 4 рет болжамдық раунд жүргізеді, оның барысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің, бірінші кезекте инфляцияның ортамерзімді кезеңдегі (алдағы 7 тоқсандағы) болжамын жүзеге асырады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Әлем чемпионаты: Парижде тағы бір қазақ балуаны финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Париж қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір қазақ балуаны Мейрамбек Айнағұлов финалға шықты. Бұл туралы Қазақпарат тілшісі біріншілікте жүрген Бейжің олимпиадасының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевқа сілтеме жасап хабарлайды.

Казинформ 

Қыркүйектен бастап балық өнімдері ГМО-ға қатысты айрықша тексеріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап Еуразиялық экономикалық одақ аумағында балық және балық өнімдерін өндіруге, сақтау мен сатуға қатысты жаңа талаптар күшіне енеді.

Казинформ 

Шымкентте ТҮРКСОЙ суретшілерінің көрмесі ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде «Түркістан - түркі әлемінің мәдени астанасы» аясындағы ХХ-шы ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдер суретшілері пленэрінде салынған жұмыстардың қорытынды көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Табиғат аясында салынған 135 кескіндемелік жұмыс көрме залына ілініп, көпшілікке ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Павлодарда ара ұяларына толы «КамАЗ» тіркемесі жеңіл көлікті басып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласы Алюминий зауыты ауданындағы тас жолда «КамАЗ» тіркемесіне соқтығысқан «Mercedes Benz» автокөлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Әлем чемпионаты-2017: Мейрамбек Айнағұлов ширек финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Париж қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күні грек-рим күресінен 59 келі салмақта сынға түсіп жатқан балуанымыз Мейрамбек Айнағұлов ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Солтүстікқазақстандықтар 200 млн теңге айыппұл төлеген

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандықтар түрлі ереже бұзғаны үшін жылдың басынан бері 200 млн теңге төлеген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Елордада тастанды балалар азайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары елордада балалар үйіне бала тапсыру азайды, деп мәлім етті қалалық мамандандырылған балалар үйінің директоры Сәуле Кенжебаева. Бұл туралыАстана әкімдігі медиа орталығы хабарлады.