World News in Kazakh
Август
2017

Новости за 21.08.2017

Казинформ 

Елбасы ЭКСПО қаражатын үнемдеуде Есімовтың жүйелі жұмыс атқарғандығын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басшысы Ахметжан Есімовтың ЭКСПО-қалашықты тұрғызуда және көрмеге дайындық барысында қаражаттың айтарлықтай үнемдегенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Қазақстанның әрбір аймағының атауы қайдан шыққанын зерттеу керек - Президент

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның киелі жерлері жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Әлемнің үздік оқулықтары қазақ тіліне аударылады - Нұрсұлтан Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - «100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақстандықтар әлемнің дамыған елдерінің тарихын, білімін, философиясын, әдебиетін қазақ тілінде оқи алады, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында.

Казинформ 

Елбасы: Бағдарламалық мақалада қамтылған мәселелер жақсы қолдауға ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы халықтың тарапынан жақсы қолдауға ие болғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Ертіс өзенінде суқұзғындар балықтарды құртып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Павлодар облысы Май ауданының балықшылары дабыл қағуда. Соңғы жылдары бұл аумақта балықтардың көзін құртып жатқан суқұзғындардың саны күрт артып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Казинформ 

Сенат Төрағасының орынбасары СҚО прокурорларымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат -  21 тамызда ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров пен сенатор Ерік Сұлтанов аймақтарға сапар аясында Солтүстік Қазақстан облыстық және Петропавл қаласы прокуратурасының, Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитет басқармасының жеке құрамымен кездесті.

Казинформ 

Парижде Демеу Жадыраев әлем біріншілігінің финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Париж қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінің шебері  71 келі салмақтағы белдескен балуанымыз Демеу Жадыраев финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Ақтөбеде термені эстрадалық бағытта орындайтын әншілер арасында байқау өтеді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Елімізде алғаш рет эстрада әншілері арасында «Жібек жолы» байқауы өтеді. Байқау кезінде ХІХ ғасырда өмір сүрген ақтөбелік дәстүрлі әнші, жыршы, термешілердің туындылары насихатталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

«Астана»-«Селтик» матчына арнайы автобустар ұйымдастырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 тамыз күні «Астана Арена» стадионында «Астана» - «Селтик»  командалары арасында футбол матчы өткізілуіне байланысты кері қайту мүмкіндігімен арнайы «Shuttle-Bus» автобус маршруттары ұйымдастырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Әлем чемпионаты: Қырғыздар моңғол көкпаршыларынан басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының «Қазанат» атшабарында көкпардан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қырғызстан құрамасы моңғол көкпаршыларын 4:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Қазақстандық зауыттар К-4 және К-5 стандарттарындағы мұнай өнімдерін шығарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанның барлық мұнай өңдеу зауыттары 2018 жылға дейін К-4, К-5 стандарттарына ауысып үлгере ме деген сұраққа жауап берді.