World News in Kazakh
Август
2017

Новости за 15.08.2017

Казинформ 

Тоқтар Төлешовтің коттедждері Шымкент әкімдігінің меншігіне өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тоқтар Төлешевтің 8 жер учаскесі мен 4 коттеджі сот шешімімен Шымкент әкімдігінің меншігіне өтті. Бұл туралы «Астана» телеарнасы қала әкімдігі баспасөз қызметінің хатшысы Әйгерім Жұмағұловаға сілтеме жасап хабарлады.

Казинформ 

Қарағандыда «Халқымның қайғысы мен қасіреті есімде менің» көрмесі өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Халқымның қайғысы мен қасіреті есімде менің» атты көрме ашылды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты.

Казинформ 

Шөген ойындарынан екінші Қазақстан чемпионаты аяқталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тамыздың 11-і мен 13-і аралығында Алматы облысының Талғар ауданындағы ат спорты кешенінде өткен шөгеннен ІІ Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы әкімдігінің ақпараттық-спорттық хабына сілтеме жасай отырып.

Казинформ 

Жол апатынан зардап шеккен қазақстандық қызға Оңтүстік Кореяда ота жасайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік апатынан зардап шеккен 23 жастағы Мадина Садуованың бетіне пластикалық ота жасайтын болды. Қыркүйек айының басында ол Оңтүстік Кореяға аттанады, деп хабарлайды tvk-uko.kz.

Казинформ 

ОҚО-да тауда жоғалған туристер табылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам су шатқалына екі турист шығып, қайтып оралмаған. Олардың із-түзсіз жоғалып кеткені туралы туыстары екі күн өткен соң төтенше жағдайлар қызметкерлеріне айтып, көмек сұраған. Бұл туралы Облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының жетекшісі Павел Вишенин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Казинформ 

Маңғыстау мектептерінде «5, 4, 3» деген дәстүрлі баға қойылмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 1, 2, 5, 7-сынып оқушылары қыркүйектен бастап жаңартылған бағдарламамен оқиды. Енді аталған сыныптарда «5, 4, 3» деген баға болмайды, оның орнына «мақсатқа жетті», «мақсатына талпынып жатыр», «қанағаттандырарлық» деген секілді бағалау жүйесі енгізілмек. Бұл туралы бүгін Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен тамыз конференциясында айтылды.

Казинформ 

Крис Фрум Астана мен ЭКСПО-дан алған әсерімен бөлісті

АСТАНА. ҚазАқпарат- «тур ЭКСПО-2017» критериумының қатысушысы, «Тур де Франс» велокөпкүндігінің 4 дүркін жеңімпазы, британдық Team Sky командасының шабандозы Кристофер Фрум «Astana Expo International Criterium» баспасөз қызметіне бергенсұхбатында жарыстан және Қазақстаннан алған әсері жайлы әңгімелеп берді.

Казинформ 

Пьер Карден Астанада сән киімдерінің коллекциясын өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның аты аңызға айналған модельері, дизайнер әрі сәулетші Пьер Карден қыркүйек айының 1-3 аралығында Астанада соңғы киімдерінің коллекциясын өткізеді. Модельер сонымен бірге, астаналықтар үшін «Dorian Gray» (Аяусыз сұлулық) операсын қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Қостанайда жаңбырдан соң такси су астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Затобольск ауылында жаңбырдың салдарынан жолаушылар мінген такси шалшықта тұрып қалды, деп жазады Alau.kz порталы оқиға куәгерлерінің сөзіне сілтеме жасай отырып.

Казинформ 

ШҚО-да ұсталған адамға электрошокер қолданған полицейге қатысты үкім өзгеріссіз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық сотында ұсталған адамға электрошокер қолданып соққыға жыққаны үшін айыпталған Катонқарағай АІІБ-нің полиция инспекторына қатысты сот үкімі күшінде қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Әріптестерін пышақтаған жамбылдық полицей қашып жүр


АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысындағы ішікі істер департаментінің басқарма басшылары мас күйінде жанжал шығарған атышулы іске қатысты бірқатар жайттарды анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Головкин - Альварес кешінің андеркардында әлем чемпионы титулы үшін айқас өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пуэрторикандық боксшы Хесус Рохас (25-1-2 18 КО) доминикандық Клаудио Марреромен (22-1, 16 KO) WBA тұжырымы бойынша жартылай жеңіл салмақта әлем чемпионы атағына таласатын болады. Боксшылар 16 қыркүйекте Лас-Вегаста Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында өтетін жекпе-жек андеркардында кездеседі, деп жазды Sports.kz.

Казинформ 

Щучинск-Зеренді автожолын қайта жөндеу 2019 жылы аяқталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ұзындығы 80 км болатын Щучинск-Зеренді автожолын қайта жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Қазақпарат» «НК «ҚазАвтожол» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Казинформ 

Ұлы Қытай қорғанының астына жоғары жылдамдықты теміржол станциясы салынуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжің аймағы мен Бейжің-Чжанцзякоу ескі теміржол маңындағы Бадалинде Ұлы Қытай қорғаны астында жоғары жылдамдықты жаңа Бейжің-Чжанцзякоу жерасты теміржол магистралінің құрылысы басталды. Бұл туралы Синьхуа хабарлайды.

Казинформ 

Универсиданың жүлде қоры Әлем чемпионатынан жоғары

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшылар 2017 жылғы жазғы Универсиадада 2015 жылғы Әлемдік чемпионаттан да көп ақша алатын болды. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында Ұлттық штаттық командалар және спорттық резерві дирекциясы директорының орынбасары Алексей Крючков айтты.