World News in Kazakh
Июнь
2018

Новости за 27.06.2018

Казинформ 

Қазақстандағы сот төрелігі Страсбургте жоғары бағаланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің «Қазақстанда сот төрелігі жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыруда қазақстандық билікке қолдау көрсету» бірлескен бағдарламасының қорытындылары Страсбургте жоғары бағаланды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Казинформ 

ӘЧ-2018: Швейцария құрамасы жарысты жалғастыратын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан әлем біріншілігі мәресіне жетуге жақын қалды. Топтық кезеңнің соңғы тур ойындары өтіп жатыр. Е тобында Швейцария мен Коста-Рика құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Астанадағы ЖОО «футбол жаттықтырушысы» мамандығына оқытады


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан футбол федерациясы мен Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «футбол жаттықтырушысы» мамандығын дайындау бойынша білім беру бағдарламасын іске қосты. Бұл туралы ҚР футбол федерациясынан мәлім етті.

Казинформ 

Айтыскер ақындар «Жайық айтысына - 60 жыл» төсбелгісімен марапатталды


ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Орал қаласындағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Жалындаған Жайық-жыр» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Сондай-ақ екікүндік шара аясында суырыпсалма өнерінің майталмандары «Жайық айтысына - 60 жыл» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Футболдан ӘЧ: Мексикалықтар Швециядан жеңілсе де, келесі айналымға өтті


АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Футболдан әлем біріншілігінің F тобындағы шешуші матчтар ойналды. Екатеринбург қаласында Мексика мен Швеция құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

ӘЧ-2018: Оңтүстік Кореядан жеңілген Германия турнирден шығып қалды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңі 3-туры аясындағы F тобының кездесулері өтті. Германия құрамасы Оңтүстік Кореядан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Варшавада Астананың 20 жылдығы атап өтілді


ВАРШАВА. ҚазАқпарат - Варшавада Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен елорданың 20 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Қостанайда аймақтық медиафорум өтті


ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай аймақтық медиафорум өтті. Оған өңір әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.