World News in Kazakh
Июнь
2018

Новости за 19.06.2018

Казинформ 

Ақтөбе облыстық әкімдігінің шенеуніктері лицензияларды заңсыз беріп келген


АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбе облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының екі басшысы заңсыз лицензия бергені үшін тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Түркістан қандай мәртебеге де лайықты - Бекарыс Шойбеков

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы болып өзгеруі және Түркістан қаласының облыс орталығына айналуы бүкіл түркі халықтары үшін ерекше жаңалық болды. Бұл өзгерістің барлығы шаһардың гүлденуіне зор үлес қосады. Мұндай пікірді Түркістан қаласының тұрғыны, белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Футболдан ӘЧ: Ресей құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді


АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының «А» тобындағы кезекті ойын Ресейдің «Санкт-Петербург»  стадионында өтті. Бұл жолы Ресей құрамасы Египет футболшыларын ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қазақстанда салмағы 1 келілік монеталар айналысқа енгізілді


АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 маусым күні Қазақстанның Ұлттық банкі күмістен жасалған номиналы 5000 және 500 теңгелік және мельхиор қоспасынан дайындалған номиналы 100 теңгелік «Астана 20 жыл» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Azattyq.org 

Блогер "ҚДТ жұмысына араласпау" туралы ескерту алды

19 маусымда Оралда Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті видеоблогер Асқар Шайғұмаровты полицияға шақырды. Департамент өкілдері блогерге Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылып, тыйым салынған "Қазақстан демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысының жұмысына араласпау туралы ескерту жасаған.  19 маусым күні түске дейін Ішкі істер департаментіне жергілікті "Уральская неделья" басылымының шығарушысы Тамара Еслямова мен басылымның редакторы Рауль Упоров шақырылған. Полиция оларға "Уральская... Читать дальше...

Казинформ 

Бес айда Қазақстандағы алтын өндірісінің көлемі 7,2% артты


АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында өндірілген өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтынның көлемі 36 621 келіні құрады, бұл көрсеткіш 2017 жылдың аталмыш айларымен салыстырғанда 7,2 пайызға жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Azattyq.org 

Шымкенттік белсенділер италиялық сенатормен кездесті

Шымкентте Италия парламентінің сенаторы Роберто Рампи мен Италияның адам құқығы жөніндегі федерациясының президенті Антонио Станго жергілікті азаматтық белсенділермен кездесті. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.   "Шымкент" қонақ үйінің кіреберісінде өткен кездесуге оннан аса белсенді қатысты. Роберто Рампи мен Антонио Станго белсенділермен жеке-жеке сөйлесіп, олардың айтқанын тыңдады.  Жер сатуға қарсылық білдіргені үшін екі рет 15 тәулікке қамалып шыққан белсенді Ибраxим Әлсеркенің айтуынша... Читать дальше...

Azattyq.org 

ДСҰ ойын құмарлықты аурулар тізіміне қосты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) ойын құмарлықты халықаралық аурулар классификациясына қосты. 18 маусымда ДСҰ Халықыралық аурулар классификациясының 11-шығарылымын жариялады. Бұл құжат 2022 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді. Ұйымның дерегінше, "ойынға құмарлық жеке және отбасылық өмірге теріс әсер етіп, жұмысқа қабілеттілікті және әлеуметтік жағдайды нашарлатады. Егер 12 айдың ішінде осы белгілер байқалса "ойынға тәуелділік" диагнозы қойылады". Ұйым "ойын құмарлық өмірдегі басқа құндылықтарға деген көзқарасты жояды.

Azattyq.org 

AzatNews 19.06.2018

Бішкекте қазақстандық белсенді Мұратбек Тұңғышбаевтың соты өтіп жатыр. Астанада бір топ адам президент әкімшілігі алдында наразылық танытты. ОҚО орнына Түркістан облысы құрылды.