World News in Kazakh
Июнь
2018

Новости за 05.06.2018

Казинформ 

Сырықпен секіруші Филиппов Прагадағы жарыста қола жүлдегер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чехия астанасы Прага қаласында дәстүрлі Йозеф Одложил мемориалы өтті. Бұл жарыс халықаралық European Athletics Classic Permit Meetings турнирінің бір сериясы болып саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Казинформ 

Сәрсенбіде Қызылорда, Атырау, Қарағандыда аптап ыстық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші найзағайлы жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Казинформ 

Аяғына 11 рет ауыр ота жасалған ойыншы үлкен футболға оралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропаның екі дүркін чемпионы, испаниялық Санти Касорла бір жарым жылдық үзілістен соң үлкен футболға қайта оралды. Ол жаңа маусымда «Вильярреал» клубында өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

Түркістанда жол апатында жанған көліктің жүргізушісі сыртқа шыға алмай қалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда жүк көлігі мен Ауди машинасы соғысып, жеңіл көліктің жүргізушісі көлікте жанып кетті. Тағы төрт жолаушы қалалық ауруханаға жеткізілген,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанды ойсырата жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Астана-арена» стадионында өткен футболдан Қазақстан  мен Әзербайжан құрамалары арасындағы жолдастық матчы мәресіне жетті. Нәтижесінде алаң иелері қарсыластарын 3:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Астаналықтарға тегін экопакеттер таратылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғындарына полиэтилен пакеттердің орнына қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін, өздігінен ыдырап кететін биопакеттер таратылды. Экологиялық акция Eurasian Resources Group бастамасымен елорданың бірнеше сауда желісінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Azattyq.org 

Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанды жеңді

6 маусымда футболдан Қазақстан құрамасы Астанада Әзербайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.  Қазақстан құрамасы сапынан Роман Муртазаев, Серікжан Мужиков және Бахтиер Зайнтудинов гол салды. Үш футболшы да "Астана" командасында ойнайды.  Бұл жолдастық матчқа Қазақстан құрамасын болгариялық маман Станимир Стойлов дайындаған. Ол бірнеше ай бұрын Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалған.  Стойлов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бұған дейін Венгрия құрамасын жеңіп, Болгариядан жеңілген.

Казинформ 

Алматыда менингиттен қайтыс болғандармен 3,5 мың адам байланыста болған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда менингококк жұқпасын тасымалдаушы 10 адам анықталды. Сондай-ақ қайтыс болған 6 адаммен 3,5 мыңнан артық адам байланыста болған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова мәлім етті.

Казинформ 

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі қамауға алынды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкек қаласының Бірінші май аудандық соты Қырғыз Республикасының бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковқа бұлтартпау шарасын өзгертті. Ол тергеу амалдары аяқталғанға дейін Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыратын болады. Бұл туралы «Кабар» агенттігі хабарлайды.

Казинформ 

Қазақстан-Әзербайжан матчы: Футболшыларымыз 2:0 есебімен алда келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы уақытта елордадағы «Астана-арена» стадионында футболдан Қазақстан мен Әзербайжан құрамаларының ойыны өтуде. Кездесудің бірінші кезеңі аяқталды. Қазақстандық футболшылар  қарсыластар қақпасына 2 доп соқты, есеп - 2:0, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

Бішкектің экс-мэрі Кулматов қамалды

5 маусымда Бішкек қаласының экс-мэрі Кубанычбек Кулматов қамауға алынды. Бұл туралы Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитеті хабарлады. Кулматовты қамау туралы шешімді Бішкектегі Первомайский аудандық соты шығарған. "Жемқорлық" айыбымен күдікке ілінген экс-мэр қамауда тергеу аяқталғанға дейін отырады.  Кулматовқа 18 мамырда "Коррупция" бабымен айып тағылып, дүние- мүлкі бұғатталған. Тергеу дерегінше, Кулматов Бішкек қаласын басқарып тұрғанда Жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау ісіне... Читать дальше...

Казинформ 

Министр Мұхамедиұлының эстафетасы Америка асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастап берген «Street Workout Challenge» Америкаға жетті. Бұл жолы Бостонда оқитын қазақстандық студенттер мен олардың шетелдік достары дене дайындықтарын паш етіп, құрлықтың ар жағынан бастамаға үн қатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

АҚШ-та сотталған Диас Қадырбаев мерзімінен бұрын босап шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағайынды Царнаевтар Бостонда жасаған терактты тергеу барысында сотталған қазақстандық Диас Қадырбаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Қазақстан мектептері қанша пәнді ағылшын тілінде оқытатынын өздері таңдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Қазақстан мектептері қанша пәнді ағылшын тілінде оқытатынын өздері таңдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Астанада менингитке шалдығу күдігімен 2 жасар сәби ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы ауруханалардың біріне менингитке шалдығу күдігімен 2 жасар сәби жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Azattyq.org 

AzatNews 05.06.2018

Бозымбаевтың және орынбасары ұсталды. Қытайдағы қазақтар мәселесі Еуропарламентке жетті. Ақтөбе маңындағы обадан көне бұйымдар табылды.

Azattyq.org 

Қырғызстан экс-премьері Исаков қамауға алынды

5 маусымда Қырғызстан бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков қамауға алынды. Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Бішкектегі Первомайский аудандық соты Искаковты тергеу аяқталғанға дейін тергеу изоляторына қамау туралы шешім шығарған.  Исаковқа Бішкектегі Жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау ісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында "сыбайлас жемқорлық" айыбы тағылған. Исаков 29 мамырда Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінде (ҰҚМК) кезекті рет тергелді. Читать дальше...