World News in Kazakh
Июнь
2018

Новости за 29.06.2018

Казинформ 

Маңғыстаудағы демалыс орындарының бірінде 5 жасар бала суға кетті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Кендірлі демалыс аймағының бірінде 5 жасар бала бассейндегі суға батып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік Төтенше жағдайлар  департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

«Astana» велоклубы Тур де Франстағы құрамын жария етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велоклубы әлемнің басты веложарысы  - 7-29 шілдеде өтетін атақты Гранд-тур «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Казинформ 

Әлемдік қуыршақ театрлары «Құралай» фестивалінде бас қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 шілде күні елордада Қазақстанның қуыршақ өнеріндегі бірінші кәсіпқой режиссер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Астана қаласының Мемлекеттік Қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Құралай Ешмұратова атындағы ІІ «Құралай» қуыршақ театрының Халықаралық фестивалі ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Казинформ 

Қазақстан мен Германия еліміздегі неміс этносын қолдау мәселесін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Герман үкіметаралық комиссиясының 16-отырысына қатысушылар Қазақстан мен Германия ҚР-дағы этникалық немістердің ұлттық және мәдени бірегейлігін сақтау және одан әрі дамыту үшін тиісті жағдайды жан-жақты қамтамасыз етуге дайын деген қорытындыға келді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.  

Казинформ 

Жарқайың музыка мектебінен 600-ге жуық домбырашы түлеп ұшқан

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жарқайың ауданында ұлттық құндылығымыз, рухани байлығымыз - қасиетті домбырамызды жас ұрпаққа үйрету жұмысы жүйелі жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.