World News in Kazakh
Июнь
2018

Новости за 24.06.2018

Казинформ 

Ауғанстанда жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 01 сағат 13 минут 45 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Астанада бессайыстан Әлем кубогының финалы аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бессайыстан Әлем кубогі өз мәресіне жетті. Финалдық жарыстар «Қазанат» атшабарында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Ресейлік жолаушылар Атыраудан Анталияға ұшып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Новосібірден Анталияға ұшып бара жатып, аяқ астынан Атырауға қонған Боинг-747 ұшағының жолаушылары Түркияға аттанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Қостанайда дүкен мен монша өртеніп жатыр

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласындағы Пушкин көшесінде орналасқан үш қабатты ғимарат өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Azattyq.org 

Доллар бағамының өсуіне наразылық

Иран астанасы Тегеранда доллар бағамының өсуіне қарсы наразылық болды. Соның салдарынан "Тегеран үлкен базары" аталып кеткен сауда орталығы жұмысын тоқтатты. Ел ішінде бір нөлі шегеріліп "түмен" аталып кеткен Иран риалының долларға шаққандағы бағамы қазір 42 мың 600-дан асып кеткен. Иран соңғы уақытта импортталған өнімдерді доллармен есептеуге қарсы екендігін білдіріп келеді.

Казинформ 

Астанада «Сабантой-2018» мерекесі тойланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «ТАҢ» татар-башқұрт этномәдени орталығының бастамасымен Сабантой мерекесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қапшағайда шомылып жүрген 20 жастағы қыз суға батып кетті

ҚАПШАҒАЙ. ҚазАқпарат - 24 маусым күні сағат 15.50-де Алматы облысының Қапшағай қаласындағы «Алтын құм» демалыс орталығында шомылып жүрген 1998 жылғы бойжеткен суға батып, қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Казинформ 

Алматыдан 144 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының шығысына қарай 144 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісіне сілтем жасап.

Казинформ 

Бейжіңде «Ел жүрегі - Астана» атты баскетбол турнирі өткізілді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігі «Ел жүрегі - Астана» баскетбол турнирін өткізді, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. 

Казинформ 

ӘЧ-2018: Гарри Кейннің үш голы Англияны жеңіске жетеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан әлем біріншілігінің топтық кезеңіндегі екінші тур мәресіне жетеді. Бұл күні G және Н тобында ойындар өтеді. Осы күнгі ойындардың алғашқысы Англия мен Панама арасында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

Саакашвили "төте халық демократиясы" моделін ұсынды

Грузия экс-президенті Михаил Саакашвили елде қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жұмыс істейтін "төте халық демократиясы" моделін енгізуді ұсынды. Саакашвили жаңа тұжырымдамасы жайлы ағылшын тілінде баяндаған видео-үндеуін жариялады. Саакашвили түрлі әлеуметтік желілерге ұқсас электрондық платформа құруды ұсынған. Соның көмегімен кәмелеттік жасқа толған әр азамат саяси процестерге тікелей ықпал етуге болады деп түсіндіреді ол. Саясаткердің сөзінше, жаңа платформаның көмегімен Грузия... Читать дальше...

Казинформ 

АҚШ-та жүк пойызы аударылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айова штатының құрамына кіретін Дун қаласында мұнай таситын жүк пойызы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Azattyq.org 

Ресей ұшақтары Сирия көтерілісшілеріне соққы берген

Жексенбіге қараған түні Сирияның оңтүстік-шығысындағы көтерілісшілер бақылауындағы территорияға ресейлік әскери ұшақтар соққы берген. Бұл туралы жергілікті дереккөздеріне сілтеме жасап Ұлыбританияда орналасқан сириялық адам құқығын бақылау орталығы хабарлады. Мәскеу бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ. Ресей қолдау көрсетіп отырған Сирия президенті Башар Асадтың әскері бірнеше күн бұрын көтерілісшілер позицияларына шабуылды бастаған. Бірақ, сенбіге дейін ресейлік әскерилер бұл операцияға араласпаған болатын. Читать дальше...

Казинформ 

Апатты жағдайда Атырау әуежайына қонған ұшақ жолаушылары қонақүйлерге орналастарылды


АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Ресейдің Новосибирск қаласынан Түркия астанасына бет алып, апатты жағдайда Атырау әуежайына қонған түркиялық ұшақ жолаушылары қонақүйлерге орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Алматы облысындағы мешіт имамдарының білімін жетілдіру қажет


АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні Алматы облысында 438 мешіт имандылық мекені болып, мүміндерге есігін айқара ашып отыр. Осы мешіттерде 533 имам дін жолында қызмет етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Егемен Қазақстан» басылымына сілтеме жасап.

Azattyq.org 

Еуропа кеңесі бас хатшысы Сенцовқа рақымшылық сұрамақ

Еуропа кеңесінің бас хатшысы Турбьерн Ягланд Ресей түрмесінде қамауда отырған украиналық режиссер Олег Сенцовқа рақымшылық жасауды сұрап дүйсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинге ресми өтініш бермек. Бұл туралы Deutsche Welle сайтына Ягландтың орынбасары Даниэль Гольтген хабарлаған. Турбьерн Ягланд өткен аптада Мәскеуде болған. Путинмен кездесуде ол Сенцов туралы мәселе қозғамаған, бірақ Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Ресей омбдсмені Татьяна Москальковамен кездесуде бұл мәселені көтерген. Читать дальше...

Казинформ 

Мемлекеттік қызметшінің жұмысы да, жүріс-тұрысы да ұдайы назарда - Берген Беспалинов

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен мемлекеттік қызметтің әлемдік стандарттарға сай жаңа тиімді институттары мен тетіктерін құру бағытын мақсатты және кезең кезеңмен іске асырып келеді.