World News in Kazakh
Июнь
2018

Новости за 17.06.2018

Казинформ 

Синоптиктердің 18 маусым күнгі ауа райы болжамы


АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 18 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ күшті жел, дауыл, бұршақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Казинформ 

Өскеменді қою түтін басты


ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Жексенбі күні кешке Өскемен қаласының аспанын қою түтін басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Футболдан ӘЧ: Бразилия мен Швейцария тең ойнады


ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Ресейдің Дондағы Ростов қаласында футболдан Әлем чемпионаты аясында Бразилия мен Швейцария (Е тобы) шеберлік байқасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

Ел атауының өзгеруіне қарсы наразылық

Македония астанасы Скопьеде жексенбі күні ел атауының өзгеруіне наразы адамдар қарсылық білдірді. Парламент үйі алдындағы акцияда полициямен қақтығыс болды. Бірнеше адам жарақат алып, ондаған адамды полиция ұстады. Кеше Македония сыртқы істер министрі Никола Димитров пен Грекия сыртқы істер министрі Никос Коциея бұрынғы югославиялық республиканың жаңарған атауына қатысты тарихи келісімге қол қойған еді. Қол қою рәсіміне Македония премьер-министрі Зоран Заев пен оның грекиялық әріптесі Алексис Ципрас... Читать дальше...

Казинформ 

Мәскеудегі кәсіпқой бокс кеші: Қазақстандықтар қарсыластарын нокаутқа жіберді


АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі, 17 маусым күні Мәскеу қаласында кәсіпқой бокс кеші өтіп, рингке шыққан қазақстандық үш спортшының барлығы жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Шымкентте еліміздегі ең үлкен су қалашығы ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Шымкент қаласында «Fontan» аквапаркі ашылды. Заманауи үлгіде салынған демалыс орнының ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қала қонақтары мен тұрғындарын құттықтады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

«Қазақ хандығы» сериалының түсірілімі Түркістанда жалғасуда


АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы күндері Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Қазақ хандығы. Алтын тақ» атты ауқымды киножобасының екінші маусымы түсіріліп жатыр. Түсірілім тобы «Қазақ хандығы» сериалының түсірілім алаңынан эксклюзивті фотосуреттерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қазақстандық актер Қытайда өткен кинофестивальде үздік атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Біздің қаланың ханзадасы» фильмінде басты рөлді сомдаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеубек Аралбай Қытайда өткен кинофестивальде «Үздік ер адам рөлі» жүлдесімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

Степногорскіде түрмеден қашқан тұтқынды ұстаған

Ақмола облысы Степногорск қаласындағы қатаң тәртіптегі ЕЦ-165/18 мекемесінен қашып кеткен, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған Е.Ж.Қасенов ұсталған. Бұл туралы Ақмола облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап жергілікті басылымдар хабарлады. Полицияның хабарлауынша, қашқын жексенбі күні сағат 19:30 кезінде Степногорск қаласында қолға түскен. "Ұсталар алдында ол автотұрақ күзетшісін кепілге алды, бірақ полиция қызметкерлерінің дер кезінде қабылдаған шаралары арқасында кепілдегі адам босатылды. Читать дальше...

Azattyq.org 

Ресей: зейнетке шығу жасын ұлғайтуға миллион адам қарсы

Ресейде зейнетке шығу жасын ұлғайтпау туралы талаппен билік атына жазылға петицияға бір миллионнан астам адам қол қойған. Құжатты саны жағынан осы елде екінші орында тұрған бүкілресейлік кәсіподақ бірлестігі – Ресей еңбек конфедерациясы change.org сайтында жариялаған болатын. Ресейлік "Медуза" жаңалықтар сайтының хабарлауынша, петицияға үш күннің ішінде миллион адам қол қойып үлгерген. Кәсіподақ өкілдері елде зейнетке шығу жасы ұлғайтылатын болса, "ресейліктердің ауқымды бөлігі зейнет жасына дейін өмір сүрмейді" деп мәлімдеген. Читать дальше...

Казинформ 

Рельстен шығып кеткен пойыздың барлық жолаушылары белгіленген пунктке жеткізілді


АСТАНА. ҚазАқпарат - Рельстен шығып кеткен пойыздың барлық 832 жолаушысы Шу стансысына жеткізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Azattyq.org 

Теңізде құтқарылған жүздеген мигрант Испанияға жетті

Жерорта теңізінде құтқарылған 630 мигрантты тиеп алған үш кеменің алқашқысы Испанияға жетті. Негізінен Африкадан, сонымен бірге Ауғанстан, Пәкістан, Бангладеш пен тағы 20-дан астам елден шыққан мигранттар таңертең ерте Испанияның оңтүстік-шығысындағы Валенсия қаласына келген кезде оларды екі мыңға жуық адам қарсы алған. Олардың бір мыңға жуығы – халықаралық Қызыл Крест ұйымының еріктілері және 470 аудармашы бар. Мигранттардың ауыр жағдайы оларды теңізден құтқарған Aquarius кемесін Италия қабылдаудан... Читать дальше...

Azattyq.org 

Ауған тәліптері атысты доғару режимін ұзартудан бас тартты

Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысының өкілдері үкімет ұсынған атысты доғару режимін ұзартудан бас тартты. Бұл туралы "Талибан" өкілі Забиулла Муджахидке сілтеме жасап AFP агенттігі хабарлады. Муджахидтің мәлімдеуінше, атысты доғару режимі жексенбінің кешінде аяқталған соң қарулы операциялар қайта жалғаспақ. "Атысты доғару режимін ұзарту ниетіміз жоқ" деп мәлімдеген ол. Маусымның 7-і күні Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Рамазан айының аяқталуы мен Ораза айт мейрамына байланысты "Талибан" қозғалысымен... Читать дальше...