Май
2024

Новости за 03.05.2024

Azattyq.org 

Оқушы қазасы, студенттер наразылығы, президентке үндеу – AzatNEWS | 03.05.2024

Жамбыл облысында оқушы мектеп әжетханасында көз жұмған. || Құлсарылықтар тасқыннан бүлінген үйлеріне өтемақыны дереу төлеуді талап етіп, президент Тоқаевқа үндеу жолдады. || Қазақстан баспасөз еркіндігі бойынша 180 елдің ішінде 142-орынға тұрақтады.

Azattyq.org 

Қаңтар құрбандарының ата-аналары қаралы көрмеге келді

Қаңтарда туыстары қаза тапқан бір топ адам Алматыда өтіп жатқан JAD көрмесіне келіп, марқұмдарды еске алды. Бірнеше ата-ана оққа ұшқан балаларын сотпен ақтауды, арнайы статус беруді талап етті. Суретші Асхат Ахмедияровтың JAD көрмесі Қаңтар оқиғасына арналған.

Azattyq.org 

"Баспасөзде еркіндігі шектеулі" Қазақстан

Әлемде баспасөз еркіндігін өлшейтін "Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымының 2024 жылғы есебінде Қазақстан сегіз саты төмендеді. Ұйым 180 елдің ішінде Қазақстанды 141-орынға лайық көрген.

Azattyq.org 

Бишімбаев тағы да кешірім сұрады

Әйелі Салтанат Нүкенованы "асқан қатыгездікпен қинап өлтірді" деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен "қылмысты жасырып қалмақ болды" деп жауапқа тартылып отырған оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесінде жарыссөз жүріп жатыр.

Azattyq.org 

Мектептегі әлімжеттік. Жамбыл облысында оқушы қалай көз жұмды?

Жамбыл облысы Құмжота ауылында 8-сынып оқушысы әлімжеттіктің құрбаны болды. 30 сәуірде мектеп ауласындағы дәретханада жоғары сыныптың бір топ оқушысы төменгі кластағы балаларын ұрып, салдарынан 14 жастағы жасөспірім қаза тапты.

Azattyq.org 

Құлсары халқы алаңға жиналып, президент Тоқаевқа үндеу жолдады

Атырау облысы Құлсары қаласының тасқыннан зардап шеккен тұрғындары үйдің шығынын есептеу жұмысы әлі басталмағанына наразы. Біреудің босағасын сағалаудан шаршаған жұрт 2 мамыр күні кешке жергілікті әкімдіктің алдына жиналып, президент Тоқаевқа үндеу жолдады. Олар алаңда бірнеше сағат тұрып, наразылық

Azattyq.org 

Қазақ баспасөзінің ерекшелігі, БАҚ-тағы активизм, “негатив” және компромисс. Мичиган профессоры Эрик Фридманмен сұхбат

3 мамыр – Халықаралық баспасөз еркіндігі күні қарсаңында Азаттық Мичиган штаты университетінің профессоры Эрик Фридманмен сөйлесіп, демократия орнаған және орнамаған елдердегі журналистиканың ерекшеліктерін талқылады.

Azattyq.org 

БАҚ-тағы активизм, "негатив" hәм компромисс. Мичиган профессорымен Орталық Азия журналистикасы жайында сұхбат

3 мамыр – Халықаралық баспасөз еркіндігі күні қарсаңында Азаттық Мичиган штаты университетінің профессоры Эрик Фридманмен сөйлесіп, демократия орнаған және орнамаған елдердегі журналистиканың ерекшеліктерін талқылады.

Azattyq.org 

"Бұл жерден кетпеймін". Тасқын жайпаған Екпеталда жалғыз қалған отбасы

Биылғы су тасқыны Ақтөбе облысы Екпетал ауылындағы үйлерді түгелдей жайпап кетті. 50 шақты түтін болған ауылда қазір жалғыз отбасы қалған. Өзгелері аудан орталығы Ойылға көшірілген. Екпетал іргесіндегі 20 шақты үй болған Жаңабаз қыстағында да сау үй қалмаған. Екі ауылдан мыңнан астам мал басы шығын болды. Әйтеуір адамдар аман. Азаттық тілшісі Екпеталдың қазіргі жағдайын көріп қайтты.

Azattyq.org 

Қираған ауылдың соңғы тұрғыны марқұм ұлының моласын қимайды

Ақтөбе облысының Екпетал ауылындағы үйлер тасқыннан түгел құлап қалды. Бұрын 50 шақты үй болған ауылда қазір бір отбасы ғана тұрып жатыр. Өзгелері аудан орталығы Ойылға көшірілген. Екпеталдың іргесіндегі Жаңабаз қыстағында да тасқыннан аман қалған бірде-бір үй жоқ.