Май
2024

Новости за 15.05.2024

Azattyq.org 

Грузияда не болып жатыр?

Грузия парламенті «шетел агенті» туралы заң жобасын соңғы үшінші оқылымда мақұлдап, ел астанасындағы наразылықты ушықтырып жіберді. Заң жобасының артында Кремлдің қолы тұр деген жұрт парламент ғимаратын басып алуға оқталды. Полицияның демонстранттарға күш қолданғаны айтылды.

Azattyq.org 

Премьер-министрге қастандық, Құлсарыдағы наразылық, Дубайдағы қазақ байлары - AzatNEWS | 15.05.2024

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды. || Құлсарыда тасқын судан зардап шеккен тұрғындар баспана өтемақысын құрылыс компанияларына емес, өздеріне аударуды талап етті. || Дубай қалай Қазақстанның "екінші астанасы" атанды? "Власть" басылымының зерттеуі || 9 мамырда Совет одағының туын көтеріп жүргендермен шекісіп, 5 күнге қамалған белсенді абақтыдан шықты.

Azattyq.org 

Құлсарыдағы наразылық

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласында тұрғындар өтемақы мәселесіне наразы. Құрылыс компанияларына сенім жоғын айтқан халық жаңа үй салуға жұмсалатын қаражатты қолға беруді талап етеді.

Azattyq.org 

Дубай Қазақстанның тағы бір астанасына қалай айналды? «Власть» зерттеуі

Қазақстандық «Власть» сайты OCCRP зерттеушілерімен бірге Дубайдан жылжымайтын мүлік алған билік өкілдері мен олардың туыстары туралы көлемді зерттеу жариялады. Тізімде экс-президенттің туыстарынан бастап, премьер-министр, министр, әкім болғандардың әйел, балалары бар.

Azattyq.org 

Үйін су басқан тұрғындар Ақтөбе әкімдігінде наразылық білдірді

Үйін су басқан бір топ адам бүгін Ақтөбе әкімдігіне келіп, облыс әкімімен кездесуді талап етті. Олар «үйімізді су басқалы бір жарым ай өтсе де, шығын қалай өтелерін білмей отырмыз» дейді. Тұрғындарды әкімдік ішіне полиция жібермей тұрды. Әкім кездесуге шыққан жоқ.

Azattyq.org 

Жәмила Маричеваға қай "жалған ақпарат" үшін айыппұл салынды?

13 мамырда Алматы соты журналист Жәмила Маричеваның ProTenge Telegram арнасында Азаттық радиосын қолдап жазған жазбасын "жалған ақпарат" деп тауып, авторға 74 мың теңге айыппұл салды. Арыз берген полицей жазбаның қай тұсы "жалған" екенін білмей шатасты. Ал заңгер мен журналист мұны "сөз еркіндігіне қысым" деп біледі.

Azattyq.org 

"Қоғам пікірі" мен "саяси астар" Бишімбаев үкіміне әсер етті ме?

"Азаматтық некедегі әйелін өлтірді" деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның "қылмысты жасырды" деп айыпталған туысы Бақытжан Байжановқа шыққан үкімді қоғам әртүрлі қабылдады. Жәбірленуші тарап сот ұйғарымына "келіссе", феминистік белсенділер "өмір бойы түрме жазасына кесуді" талап етіп көшеге шықты. Ал құқық қорғаушылар үкімге "қоғам пікірі мен істің саяси жағы әсер етті" дейді.