Май
2024

Новости за 10.05.2024

Azattyq.org 

Сарай сатқан Құлыбаев, қызыл жалауға қарсылық, үй сұраған тұрғындар – AzatNEWS | 10.05.2024

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың миллиардер күйеу баласы Тимур Құлыбаев Лондондағы зәулім сарайларының бірін сатты. – Оралда үйін тасқын бүлдірген саяжай тұрғындары үкіметтен жаңа баспана сұрап, жергілікті әкімдікке барды. Олар өтемақысыз қаламыз ба деп алаңдайды. // Қазақстан үкіметі сирек ауруға шалдыққан балалардың ем-домына кететін шығынды бұдан былай қайырымдылық қорлардың мойнына артпақ. Бұған ата-аналар алаңдаулы. // Бишімбаевтың ісін қарап жатқан алқабилер қандай шешім шығарады? Читать дальше...

Azattyq.org 

Сирек ауруға шалдыққандар президент Тоқаевтан көмек сұрайды

Қазақстан үкіметі сирек ауруға шалдыққандарға қажет аса қымбат дәрілерді сатып алуға бұдан былай мемлекеттің емес, қайырымдылық қорының ақшасын жұмсамақ. Бұл өзгеріс елдегі 80 мың адамға тікелей әсер етеді. Денсаулық сақтау министрлігі "қымбат дәрілерді алу бюджетке ауыр салмақ салады" дейді.

Azattyq.org 

Оралда үйлерін тасқын бүлдірген тұрғындар жаңа баспана сұрайды

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында үйлерін тасқын су бүлдірген халық үкіметтен жаңа баспана сұрайды. Олардың көбі саяжай тұрғындары. Бұған дейін төтенше жағдайлар министрі саяжайдағы үйі жалғыз баспанасы болса ғана адамдарға көмек берілетінін айтқан.

Azattyq.org 

Төмпешікке айналған ауыл. Зайсан зілзаласының жазылмаған жарасы

1990 жылғы 14 маусымда Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданында 8 балдық жер сілкінісі болды. 9 мыңдай үй құлап, бір бала көз жұмды. Қираған ауыл сол баланың атымен "Біржан" аталады. Азаттық тілшісі Біржанға барып, 34 жыл бұрынғы зілзаланың жарасы жазылмағанына, жұрттың одан сабақ алмағанына куә болды.