Май
2024

Новости за 16.05.2024

Azattyq.org 

«Қара вермишелімізді сағындық». Эвакуация орталығындағы өмір

Ақтөбе облысында мыңнан аса адам екі айға жуық уақыттан бері эвакуация орталықтарында тұрып жатыр. Тасқын басталғалы үйлерін көрмеген. Олардың көбі — қаладан жер алуды, пәтер жалдауды қалтасы көтермей, жыл он екі ай саяжайда тұратын азаматтар. «Жағдайымыз жақсы болса да, көңіліміз алаңдаулы» дейді.

Azattyq.org 

Құлсары халқының талабына әкімнің жауабы

Атырау облысы Құлсары қаласында үйлерін тасқын су бүлдірген тұрғындар өтемақы мәселесіне алаңдаулы. Олар жаңадан салынатын үйлердің өтемақысын қолға беруді, әрбір шаршы метрін 400 мың теңгеден есептеуді сұрайды. Облыс әкімі 240 мың ұсынады.

Azattyq.org 

Құлсарыдағы наразылық. Тұрғындар Тоқаевты шақырады - AzatNEWS | 16.05.2024

Атырау облысының Құлсары қаласында тасқын су үйін қиратқан жүздеген адам лайықты өтемақы беруді талап етіп орталық алаңда тұр. || Тасқын судан соң үдере көшіп, Ақтөбе қаласында екі айдан бері эвакуация орталығын паналап отырған жұрт көмекті жеделдетуді сұрайды. || Ресей президенті Қытайға барды.

Azattyq.org 

Бишімбаев ісінен кейін Қазақстанда әйелдер отбасындағы әлімжеттікті жиі айта бастады

Қазақстанда қазіргі және бұрынғы шенеуніктердің әйелдері отбасында қорлық көріп, зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын жиі айта бастады. Мұндай мәлімдемелер әйелін қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты мен ел президенті тұрмыстағы зорлық-зомбылықты қылмысқа теңестіретін жаңа заңға қол қойғаннан кейін жасалып жатыр.

Azattyq.org 

Путин Қытайға не үшін барды?

Кремльдегі ауыс-түйістен кейін Ресей президенті жаңа әскери экономика құруға кірісті. Сарапшылар Путин бұл жоспарын жүзеге асыру үшін Қытайға арқа сүйеп, Си Цзиньпиннен көмек сұрайды дейді.

Azattyq.org 

Құлсарыдағы наразылық. Халық неге толқыды?

Атырау облысы Құлсары қаласы тұрғындарының наразылығы екінші күн жалғасып жатыр. Тасқын кезінде үйі су астында қалған жұрт өтемақы ретінде үйлерінің әр шаршы метріне 400 мың теңгеден қолма-қол төлеуді талап етіп тұр. Әкімдік үй жөндеуге қаржы берілетінін, бірақ үй құрылысына керек қаржы қолма-қол берілмейтінін айтқан. Құлсары халқы Жылыой ауданы әкімдігі алдында түнеп шықты. Олар ғимарат ішінде де ұйықтаған. Әкім де ғимаратта қонған. Далада үш шатыр бірге тігілген. "Кеше полиция басқа шатыр қойғызбады" дейді тұрғындар. Читать дальше...

Azattyq.org 

Депортация қаупі төнген ауған қазағы Сәми Ата Ғұл бостандыққа шықты

Қазақстан азаматтығын алуға өтініш берген ауған қазағы Сәми Ата Ғұл 15 мамырда Ақмола облысы Целиноград аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторынан босап шықты. Сол күні таңертең ІІМ Көші-қон комитеті қызметкерлері оны үшінші рет ұшаққа салып жіберуге тырысқаны белгілі болды.

Azattyq.org 

Қазақстандық шенеуніктің, әйелдері мен балаларының Дубайдағы жылжымайтын мүлкі

Жаңа журналистік зерттеу қазақстандық шенеуніктер, саясаткерлер және олардың туыстары Араб Әмірліктерінде миллиондаған долларға жылжымайтын мүлік сатып алғанын анықтады. 70-тен астам елдің журналистері Дубайдағы мыңдаған нысан жөніндегі деректерді талдап, зерттеген. Олардың қолына негізінен 2020 және 2020 жылдары жасалған келісімдер туралы құжаттар түскен.