Астана тұрғыны Жоғарғы сот алдында өзін өртемек болды
20 шілдеде Нұр-Сұлтанда қала тұрғыны Жоғарғы сот алдында өзін өртемек болды. Ол "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша кінәлі танылып, бес күнге қамалды. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының соты хабарлады. Өзін өртемек болған ер адам қазір Түркістан облыстық сотында қаралып жатқан қылмыстық істе жәбірленушінің бауыры болатынын айтқан. "Сот қоғамға теріс әсер ететін және қоғамды құрметтемеуге бағытталған әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып жаза тағайындады" деп жазылған сот хабарламасында. Қаулы әзірге күшіне енбеген. Читать дальше...