World News in Kazakh
Январь
2018

Новости за 01.01.2018

Казинформ 

Димаш әлемдік турнесі кезінде Фучжоу қаласында өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген D-Dynasty әлемдік турнесі кезінде Қытайдағы Фучжоу қаласында өнер көрсетеді. Бұл туралы әнші Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Azattyq.org 

Ирандағы билікке қарсы наразылық

Иранда желтоқсанның 28-інде басталған наразылық шеруі Тегеран және басқа да қалаларда жалғасып жатыр. Баға қымбатшылығы мен көпшілік қолды тауарларға субсидияның алынып тасталғанына наразылық білдіріп шеруге шыққандар көп ұзамай билікті айыптауға көшкен. Олар Иран президенті Хассан Роухани мен клерикалдық өкіметті, соның ішінде Иранның рухани басшысы аятолла Әли Хаменеиді де сынаған. Бірнеше күнге жалғасқан қақтығыстар барысында кемінде он адам қаза тапқаны туралы хабарланды.

Казинформ 

«Спарта» чемпион атанған КВН Жоғары лигасы финалының видеосы жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық «КВН» одағының сайтында қазақстандық «Спарта» командасы чемпион атанған КВН Жоғары лигасы финалының видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Головкин 2017 жылдың үздік спортшысы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік боксшылар қауымдастығының Туиттерінде бойынша өткен жылдың үздік боксшысын анықтау үшін жанкүйерлер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Казинформ 

2018 жылдан әскерилердің баспана мәселесін шешуде оң нәтиже күтіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысы әскери қызметтің беделін, әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының әлеуметтік-құқықтық мәртебесін көтеруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Осы орайда енді 2018 жылы баспанасыз әскерилер өтемақы есебінен пәтер алады.

Казинформ 

2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек , оңтүстік-батыста тұман, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Azattyq.org 

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы міндетін атқаруға кірісті

Қазақстан қаңтардың 1-нен бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы өкілеттілігін орындауға кірісті. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің (СІМ) хабарлауынша, Астана бұл міндетті қаңтардың 1-інен 31-не дейін атқарады. СІМ-нің мәліметі бойынша, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдердің тұрақты өкілдері қаңтар айындағы төрағалық бағдарламасын қаңтардың 2-і күні қарастырып, қабылдайды деп жоспарланған. Сейсенбіде Қауіпсіздік Кеңесі жұмысының бағдарламасы туралы брифингтер өткізілмек. Читать дальше...

Казинформ 

Археологтар II ғасырдағы легионер мәйітінің күлі салынған құмыра тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдің солтүстігінде ежегі рим әскерлерінің лагерінде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде археологтар тастан салынған құрылыс пен үңгірдің үстінен шықты. 

Казинформ 

Бүгін ЕАЭО Кедендік кодексі өз күшіне енді


АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 жылы 11 сәуірде Кедендік кодекс туралы бекіткен Шарты өз күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуразиялық экономикалық комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Промоутер Геннадий Головкинге лайықты қарсылас болатын жас боксшыны атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Промоутер және бұрынғы боксшы Барри Макгуиган 2018 жылдың мамыр айында өтуі мүмкін Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қарымта кездесуі туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.